13 C
Алматы
Жұма, 3 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Жоғалғанына үш күн болған жүкті келіншекті полиция қызметкерлері әлі де таппай жатыр

    Алматыда 19 жастағы жүкті келіншек жоғалып кеткен, ол осымен үшінші күн іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпараттық агенттігі tengrinews.kz порталына сілтеме жасай отырып.

    Басылымның мәліметінше, ол колледжге аттестатын алу үшін кетіп, сол күйі оралмаған. 19 жастағы Дана Цейзер кондитер мамандығында оқыған. Жүктілігінің 6-аптасында екен.

    “Сол күні біз телефонмен сөйлестік, бірде байланыс үзіліп кетті. Сол күйі қайта хабарласа алмадым, телефоны сөндірулі. Жолдасымен тұрады, ол барлығы дұрыс болатын дейді. Осылай жоқ болып кетуіне ненің себеп болғанын түсіне алмадық. Бұрындары қызым кешігетін болса, хабарласып, алдын ала ескертіп қоятын. Қандай таксиге отырғанын да айтатын”, – дейді Дананың анасы Роза Шевченко.

    Қызды іздестіру жұмыстарына полицейлер мен еріктілер қосылды. 19 жастағы қыз сол күні ақ жейде, шолақ шалбар, көк түсті слипонмен болған. Дана жайлы қандай да бір мәлімет білетіндерден 8 705 806 5252 (Дананың анасы) нөміріне хабарласуды сұраймыз.

    қатысты посттар

    Қызылордада «Бизнеске арналған Үкімет» бірыңғай сервис орталығы іске қосылады

    Фариза

    Қазақстанда ұшақ билеттері қымбаттады

    Фариза

    Жәрдемақы алған көпбалалы аналардың ақшасын қайтарып алғалы жатыр

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen + 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.