-13.1 C
Алматы
Четверг, 26 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Дала семинары

    Биыл Жамбыл облысында қант қызылшасынан мол өнім алу көзделуде. Әсіресе, тәтті түбір еккен Меркілік шаруалардың жұмысы қауырт. Тәжірибе алмасу мақсатында «Сыпатай Батыр» мен «Трансфер» шаруа қожалықтарында өткен дала семинарында осы екі ұжымның жұмысы бүкіл Жамбылдық шаруаларға үлгі ретінде көрсетілді. Дала семинарын ұйымдастырудағы бас мақсат Жамбыл облысындағы қант қызылшасы алқаптарында жаңа технологиялар мен инновациялық әдістерді қолдана отырып өнімділікті арттыру. Шаруаларға қант қызылшасын күтіп баптаудағы жаңашылдықтады, тыңайтқыштарды тиімді қолдану әдістерін үйрету. Алдымен Меркідегі «Трансфер» кейін «Сыпатай батыр» шаруа қожалығына келген дихандарға жайқалып тұрған қызылша алқабы туралы мәлімет берілді. Мәселен: «Сыпатай батыр» серіктестігі биыл 300- гектар жерге Франциялық «Тиссерин» атты қызылша тұқымын егіп отыр. Одан күтілетін өнім көлемі гектарына 800-900 центнерді құрайды деп күтілуде. Осындай артықшылықтарды айтқан шаруашылық жетекшісі қант қызылша алқабын жаңбырлатып суару әдісі бойынша суғарып отыр. Дала семинары Сұрат ауылдық мәдениет үйінде жалғасты. Мұнда Түркиядан келген ауылшаруашылығы мамандары Жамбылдық шаруаларға тұқымды пайдалану жолдары мен егістіктегі зиянкестермен күрес мәселесі бойынша білгендерімен бөлісті. Түрік ағайындар әсіресе тамшылатып суару әдісі бойынша дүние жүзіне үлгі десе болады. Ал, жері құнарлы әрі суы да мол Меркі жерінде қант қызылшасынан қазіргіден де көп өнім алуға болады дейді олар. Сонымен қатар, осы кездесуде Меркі қант зауытының жаңа басшылығы биыл шаруалардан қылшаның келісін 10- теңгеден аламыз деген уәдесін бұзып, оны 8- теңгеге түсіретіндіктерін айтты. Себеп, техника қымбат, әрі мердігерлер ауысып кеткен. Алайда, бұған жиналған барлық шаруалар қарсы шығып, ондай болған жағдайды қант зауытына қызылшаларын өткізбейміз деді. Бұл мәселе бойынша облыс әкімінің орынбасары да зауыт басшылығына ескерту жасады. Себебі, жыл басында екі тарап өзара келісім-шарт жасап, меморандумға қол қойған. Шаруалар да бүкіл жанар-жағармайға, тұқым мен техникаға шығындарын 10- теңгеге есептеп жұмсады дейді облыстық фермерлер одағының төрағасы. Сондықтан, келісімді биылғы жыл аяқталғанша бұзуға болмайды. Жиын соңында қант зауытының өкіліне барлық Жамбылдық шаруалар атынан ескерту жасаған облыс фермерлері аталған проблеманың оң шешімін табуына ықпал етуге шақырды. Бұл бағыттағы келесі кездесу тамыз айының соңында өтеді.

    қатысты посттар

    COVID-19: Шымкентте ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде

    Фариза

    Шымкент: Қоғамдық көліктерді жаңарту мәселесі өзекті

    Фариза

    Мемлекеттік қызметтерді үйде отырып-ақ алуға болады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    6 − one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.