Суббота, 14 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Президент Арыстағы жарылысқа байланысты жауаптыларға сөгіс жариялады

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшылығына сөгіс жариялады, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпараттық агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

    Мемлекет басшысының Өкімімен өзіне жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде орындамағаны және қару-жарақ пен оқ-дәрілердің қауіпсіздігін және сақталуын қамтамасыз ету жұмысындағы, Қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау объектілерін көшіру және орналастыру бағдарламасын іске асыру кезіндегі елеулі кемшіліктері, соның салдарынан Арыс қаласында орналасқан әскери бөлімшедегі қару-жарақтың жарылуына және қалада адам шығынына ұшыратқан ауқымды апатқа жол бергені үшін:

    1. Қазақстан Республикасы қорғаныс министрі болып қызмет атқарған Сәкен Әділханұлы Жасұзақов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жүйесінен шығарылды.

    2. Келесі лауазымды қызметкерлерге:

    Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Мұрат Кәрібайұлы Бектановқа;

    Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып қызмет атқарған Мұрат Жәлелұлы Майкеевке;

    Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып қызмет атқарған Талғат Жеңісұлы Жанжүменовке қатаң сөгіс жарияланды.

    Сәкен Жасұзақов 2018 жылдың тамызынан бастап Ұлттық қорғаныс университетінің басшысы қызметін атқарды. 2016 жылдың қыркүйек — 2018 жылдың тамыз айлары аралығында қорғаныс министрі болды.

    қатысты посттар

    Зооқорғаушылар елордада иттердің зорланғанын айтып, дабыл қақты

    Фариза

    Гүлшара Әбдіқалықова Семей ядролық полигонынан зардап шеккен азаматтардың рухына тағзым етті

    Фариза

    Қызылорда облысында қашықтан білім беруге 222 мектеп толықтай дайын

    Фариза

    Пікір қалдыру

    15 − 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.