-9.1 C
Алматы
Суббота, 14 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Жоғалғанына үш күн болған жүкті келіншекті полиция қызметкерлері әлі де таппай жатыр

    Алматыда 19 жастағы жүкті келіншек жоғалып кеткен, ол осымен үшінші күн іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпараттық агенттігі tengrinews.kz порталына сілтеме жасай отырып.

    Басылымның мәліметінше, ол колледжге аттестатын алу үшін кетіп, сол күйі оралмаған. 19 жастағы Дана Цейзер кондитер мамандығында оқыған. Жүктілігінің 6-аптасында екен.

    «Сол күні біз телефонмен сөйлестік, бірде байланыс үзіліп кетті. Сол күйі қайта хабарласа алмадым, телефоны сөндірулі. Жолдасымен тұрады, ол барлығы дұрыс болатын дейді. Осылай жоқ болып кетуіне ненің себеп болғанын түсіне алмадық. Бұрындары қызым кешігетін болса, хабарласып, алдын ала ескертіп қоятын. Қандай таксиге отырғанын да айтатын», — дейді Дананың анасы Роза Шевченко.

    Қызды іздестіру жұмыстарына полицейлер мен еріктілер қосылды. 19 жастағы қыз сол күні ақ жейде, шолақ шалбар, көк түсті слипонмен болған. Дана жайлы қандай да бір мәлімет білетіндерден 8 705 806 5252 (Дананың анасы) нөміріне хабарласуды сұраймыз.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында 51 шаруа қожалығы субсидия алатын болды

    Фариза

    ЯНЫ-КУРГАН — ЖАҢАҚОРҒАН, ЛУГОВАЯ — ТҮРКСІБ, КАЛАГИР — ҚҰЛАЙҒЫР

    Фариза

    ХҚО-ның қағаз жүзінде көрсететін қызметтеріне өтінішті қашықтан беруге болады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen + twelve =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.