-14.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Саясат

    Қырғызстандағы қырғын: Экс-президентті ұстау барысында 15 адам зардап шекті

    Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясын арнайы жасақ күштері жүргізіп жатқанын хабарлады.

    Комитет арнайы жасақ тек резеңке оқтармен қаруланғанын, операция жалғасып жатқанын мәлімдеді.

    7 шілде Бішкек уақыты бойынша кешкі сегіз шамасында Кой-Таштағы Атамбаев үйіне арнайы жасақ келгені белгілі болды. Атамбаевтың жақтасы Мирбек Айтикеев әлеуметтік желіде тікелей трансляция таратты. Видеода Атамбаев үйінің маңында маска және арнайы жасақтың формасын киген қарулы адамдар көрінді. Видеодан мылтықтың дауысы да естілді.

    Азаттықтың Қырғыз қызметі кем дегенде 15 адамның жараланғанын, біразын ауруханаға алып кеткенін хабарлады. Жараланғандардың арасында 24.kg сайтының тілшісі Аида Жумашева да бар. Оның аяғына резеңке оқ тиген. Елдің денсаулық министрлігі Кой-Ташқа 8 жедел жәрдем бригадасы жіберілгенін мәлімдеді. 

    Азаттықтың Қырғыз қызметінің тілшілері Кой-Таш аймағында ұялы байланыс нашарлағанын, ауылға кіреберісте полицейлер тұрғанын хабарлады. Атамбаевтың жақтастары Кой-Ташқа кірер жолдағы ағаштарды құла бастағаны да айтылды 

    27 маусымда Қырғызстан парламенті Алмазбек Атамбаевты экс-президент және тиіспеушілік мәртебесінен айырған.Кейін ІІМ Атамбаевты тергеуге шақыра бастады.

    Қырғызстанның бұрынғы президентіне қызметте жүріп жемқорлыққа жол берді, өкілетін асыра пайдаланды және заңсыз байыды деген сияқты жалпы саны бес айып тағылған. Атамбаев бұл айыптардың бәрін жоққа шығарып, үстінен қозғалған істің саяси астары бар деп мәлімдеген.

    Атамбаевтың ондаған жақтасы 22 маусымнан бері оның Кой-Таштағы үйінің маңынан лагерь құрып, штаб ашқан. 3 шілдеде Бішкекте Алмазбек Атамбаевтың жақтастары наразылық шарасын өткізіп, қазіргі биліктің отставкаға кетуін талап етті. Бұл шараға Атамбаевтың өзі де қатысқан.

    Шілденің соңында Атамбаев Ресейге барып келген. Онда Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. Атамбаевтың сөзінше, ол Путинмен Қырғызстандағы ахуал, саяси тұрақтылық қажеттігі жайлы сөйлескен.

    Кремльдің хабарлауынша, Путин Атамбаевпен «аймақ пен Қырғызстандағы ахуалды» талқылаған. Хабарламада Путиннің қырғыздарды қазіргі президент төңірегінде топтасып, мемлекет дамуына көмектесуге шақырғаны да айтылған.

    қатысты посттар

    Шұғыл ақпарат! Баланы ата-әжемен қалдыру сіздің ата-анаңыз үшін қауіпті

    Фариза

    Орталық Азия мемлекет басшыларының бейресми кездесуінен суреттер жарияланды

    Фариза

    Мұхтар Жәкішевтің қызы: «Әкемнің не үшін шығып жатқанын нақты айту қиын»

    Пікір қалдыру

    4 × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.