Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Оқиға

    «Менің өліміме кінәлі адамдар…» — асылып қалған жігіттің өлер алдындағы хаты

    Алматыда 21 жастағы жігіт өзіне қол жұмсап, қайтыс болды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

    21 жастағы азамат балконда өзінің белдігіне асылып, көз жұмған. Өлерінің алдында хат  қалдырған жігіт өліміне кімнің кінәлі екенін жеткізді. Соңғы уақыттары бопсалаушылардың ойыншығына айналған Елдос тіпті кімнің көмектесетінін де айтуды ұмытпаған.

    «Менің өліміме кінәлі адамдар: Ерасыл, Гриша, Сұлтан және қасындағы балалар. Оларды табуға Мұхамед көмектеседі», — деп жазған.

    Інісінің қиын жағдайға тап болғанын білмеген Индира Әбдіразақова мұң-мұқтажын түсінуге тырыспағанына өкінеді. Сағат кешкі ондар шамасында баласымен серуендеуге шығып, қайтып келгенде інісінің өлі денесін тапқанын айтады ол.

    «Талып қалды екен деп ойладым. Елдос не болды деп қарасам, тілі шығып кеткен. Басында біреу ұрып кетті ме деген болжам да жасағанмын. Кейін белдікті көрдім. Бір күн бұрын ұрып кетті, пышақ тақады дегенді кішкентай бала естіген екен», — дейді Индира Әбдіразақова. 

    Ал анасы Елдоспен сөйлескен адамдардың соңғысы. Жігіт өлер алдында жақын адамына телефон соғып, жақсы көретінін айтқан. Ал анасы ұлының бұл әрекетіне мән бере қоймаған көрінеді.

    «Анашым мен сізді жақсы көремін деді де, дауысы біртүрлі шықты. Осыдан кейін жаным, мен де сені жақсы көремін, қазір сәлден соң хабарласамын дедім. Сөйтсем, бұл соңғы қоштасуы екен ғой», — дейді марқұмның анасы.

    қатысты посттар

    Жамбыл облысында тағы екі жарылыс болды (видео)

    Фариза

    Ішкі істер министрлігі 1 шілдеден бастап жүргізуші куәлігін бермейді

    Ұшаққа отырған ауғандардың жаншошырлық суреті жарияланды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    19 + 14 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.