-0.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Қоғам

    Жамбылдық полицейлерге жаңа көлік берілді

    Жамбылдық тәртіп сақшылары темір тұлпар тақымдады. Полиция қызметкерлеріне су жаңа 131 қызметтік көліктің кілті табыс етілді. Айта кетейік, Тәртіп сақшыларына мемлекет қамқорлығы артқанымен — қылмыс азаймай келеді. Енді, су жаңа көлік мінген полицейлер қарақшыларды құрықтап, ұрыларды ұстап халықтың малы мен жанына қорған болар деген сенім бар. Көлік тапшылығы аудан әсіресе ауылдарда жиі кездесетін. Енді міне бұл мәселе өз шешімін тауып келеді. Бүгін берілген темір тұлпарлар 7 ауданды толығымен қамтамасыз етіп отыр. Полиция департаментінің басшысы облыстағы барлық жетістіктер тәртіп сақшыларымен тығыз байланысты екенін атап өтті. Президент тапсырмасы бойынша өңірде полиция департаменті бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша тиімді шаралар қабылдануда. Бұл облыста құқықтық тәртіп орнату үшін бірлескен жауапкершіліктің жаңа міндеттері деді. «Нива» және «УАЗ» маркалы қызметтік автомобильдер дауыс зорайтқыш құрылғымен, радиостансамен және басқа да қажетті құралдармен жабдықталатын болады. Салтанатты іс-шарадан кейін автокөліктер қызмет атқару орындарына шықты. Осылайша, биыл 7 ауданның полицейлері су жаңа көлікке мінді. Ал, Сарысу, Талас және Т.Рысқұлов аудандарында көлік мәселесі келер жылы шешілмекші. Әрине, соңғы жылдары құқық қорғау органдарының материалдық –техникалық жағдайы жақсарып келеді. Бірақ, бұл қаншалықты нәтиже беріп жатыр. Ол жөнінде Жамбылдық тәртіп сақшыларының басы қосылған жиында айтылды. Мәселен: Жамбылда жыл басынан бері 2 адам ұрлығы және 1 адам саудасы оқиғасы орын алған. Оның бірі – республика көлемінде үлкен резонанс тудырған перзентханадағы сәби ұрлығы. Аталған қылмыстық іс бойынша қазір жедел іс-шаралар қолға алынды. Оған қоса, жезөкшелікке қатысты 7 құқық бұзушылық фактісі тіркелген. Осындай келеңсіздіктердің алдын алу үшін полиция қызметкерлеріне жұмысты жеделдету тапсырылды. Есірткі қылмыстарына қарсы күрес мәселесі де өзекті. Жартыжылдықта 467 құқық бұзушылық анықталып, 2 тоннадан астам есірткі тәркіленді. Өкінішке орай, синтетикалық есірткі бизнесі кең етек алуда. Қала бойынша олардың жарнамасы жалаулап, әлеуметтік желілердегі парақшалары мен сайт мекенжайлары ашықтан-ашық жариялануда. Есепті кезеңде 450 графит өшіріліп, 25 сайт бұғатталған. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жандандыра түсуді қажет етеді. Әкімдіктер мен басқармалар арасында байланыс жоқ. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» келетінін ескерсек, бірлесіп атқарған шаруа да өз нәтижесін берер еді деді аталған саланы қадағалайтын облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков. Жиында қала әкімінің жұмысы да сын тезіне алынды. Себебі, пәтер тонау, қарақшылық, көлік ұрлығы, қақпақтарды ұрлап кету әсіресе Тараз қаласында тиылмай отыр. Ол үшін қылмыстың өзектілігімен, қайдан шықты, кімдермен сыбайлас болып жүргенімен күресу маңызды. Сонымен қатар, полиция қызметкерлеріне жол қозғалысы қауіпсіздігін ретке келтіру қатаң ескертілді. Бұл іске асқан жауапкершілік танытулары керектігі баса айтылды.

    қатысты посттар

    Алматылық дәрігерлер Молдағасымованы сотқа беріп жатыр

    Фариза

    42 500 теңгені заңсыз алғандар жәрдемақыны Үкіметке қалай қайтара алады?

    Фариза

    Түркістан облысында жоғалған бала арықта ұйықтап қалған жерінен табылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    12 + 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.