-2.1 C
Алматы
Четверг, 28 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Көпбалалы аналар да кәсібін дөңгелете алады

    Кәсіпкерлікке кең өріс ашылуда. Мемлекеттің қаржылай қолдауы көпбалалы ана Малика Ибрагимованың көптен ойында жүрген кәсібін бастауына негіз болған. Осыдан 5 жыл бұрын үйінің қасынан балабақша ашқан көпбалалы ана, енді бұл ісін кеңейтуді жоспарлап отыр. Отбасымен қатар шағын орталықтың шырайын арттырып отырған ардақты жанның жұмысы шынында адам сүйсіндіреді. «Бақыт балалы үйге қонады» – деп білетін кейіпкеріміз, осылайша бүгінде ауыл-елдің тек алғысын арқалауда. Ерте тұрып жұмысына асығатын ата-аналар үшін Жалпақтөбе ауылындағы аядай орталықтың пайдасы орасан болып тұр. Кезінде өздерінің балабақшада орын жетіспеу мәселесіне жиі тап болуы, әрі жолдасы екеуінің үлкен отбасынан шыққандығы — осы кәсіпті дөңгелетуге сеп болған екен. Балабақша ашу – менің о бастағы арманым еді. Кішкентай бүлдіршіндерді жақсы көргенім, арманымның орындалуына себеп болды деп ойлаймын. Өзім кезінде балаларымды балабақшаға орналастыра алмай қиналғаным, кезекті ұзақ күткенім де осы ойымды жүзеге асыруға түрткі болды бір жағы. Мемлекеттік балабақшалар 3 жастан алатындықтан, біз 1,5 жастан 3 жасқа дейінгі бүлдіршіндерді қабылдаймыз. Оларға бар махаббатымызды сыйлауға тырысамыз дейді Малика Ибрагимова. «Бизнестің жол картасы — 2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы арманын жүзеге асырған Малика 3 млн. теңге несиеге қол жеткізген. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі аясында жұмыс жасайтын орталыққа ай сайын «Болашақ» бағдарламасымен субсидия бөлініп отырады. Мұның өзі айтарлықтай демеу. Осылай табыс көзін ашып, ісін алға сүйреген ардақты ана бірнеше адамды да жұмыспен қамтып отыр. Алдағы уақытта кәсібін кеңейтіп, өрістетуді жоспарлауда. Қазір Қазақстанда туу көрсеткіші жоғары. Сондықтан да, орталықты кеңейту ойда бар. Ата-аналарға да, балаларға да жақсы әсер қалдыру мақсатында жұмыс істейміз. Біздің алғашқы тәрбиеленушілеріміздің алды қазір 1-2 сыныпқа барды. Уақыт не деген жүйрік десеңізші! Оларға қарап таң қаламын. Осыдан бес жыл бұрын ауданда алғашқылардың бірі болып балабақша ашқан соң ба, менің жобам тез қолдау тапты. Мемлекеттің қолдауы болмаса, мұндай істі бастау оңай емес, әрине. Сондықтан, Үкіметке рақмет бұл үшін дейді нәзік жанды кәсіпкер. Әзірге 20 орынға шақталған балабақша үнемі балақайларға толық. Әсел Шәйболова мұнда үш жылдан бері тәрбиеші болып жұмыс істейді. Айлық-жалақысын кешіктірмей алатын оның табысына да көңілі толады. Мұндағы әр бүлдіршінге ерекше махаббатпен күтім жасауға тырысамыз, — дейді ол. Малика Хусайнқызы жолдасы Хатам Ибрагимовпен екі ұл, екі қыз тәрбиелеп өсірген. Бүгінде 4 немеренің ардақты ата-әжесі. 2014 жылдың 1 маусымында есігін айқара ашқан балабақшаға үлкен немересі Сұлтанның есімін беріпті. «Алма піс, аузыма түс» деп жатпайтын бұл отбасы берекенің көктен емес, бірлігі бекем көппен, адал еңбекпен келетінін біледі. Айта кетейік, елімізде кәсіпкерлікке кең қолдау көрсетілуде. Мәселен, Жамбыл облысында бүгінгі таңда 69800 кәсіпкер өз ісін дөңгелетіп отыр. Ал, олардың 40 пайызға жуығын нәзік жандылар құрайды екен.

    қатысты посттар

    Жамбыл ірімшігі мен сыры — ұлттық бренд

    Жамбыл облысының әлеуметтік мониторинг нәтижелерін Талдау

    Шымкентте сыбайлас жемқорлық фактісі азаймай тұр

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.