-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Халықты жұмыспен қамту — өзекті мәселе

    Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында Мойынқұм ауданында жасалып жатқан игі бастамалар мен атқарылған жұмыстар аз емес. Мақсат, халықтың әл ауқатын арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашу. Мәселен: биылғы жастар жылында Мойынқұм ауданында кәсіпке ден қойған жастардың қатары едәуір артыпты. Олардың көпшілігі облыстық «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы тарапынан ұйымдастырылған тегін курстарға қатысып, білімін жетілдірген азаматтар. Мәселен, «Бастау Бизнес» жобасы аясында берілетін қайтарымсыз грантқа Мойынқұмдық Назгүл Айдаш пен Алуа Орынбек ие болып, бірі шаштараз, екіншісі сұлулық салонын ашыпты. Бағдарлама аясында берілген 505 мың теңге қайтарымсыз грантқа ие болған 25 жастағы қыздар оны өздеріне қажетті құрал-жабдықтарды алуға жұмсаған. Қазір шағын бизнестері алға баса бастады. Алуа Орынбек мұнымен тоқтап қалмай қазіргі жалға алып отырған ғимаратын болашақта сатып алып, үлкен сән салонына айналдыру мақсаты бар екендігін де атап өтті. «Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты жаппай кәсіпкерлікті дамыту деп аталады. Осы жобамен Мойынқұм ауданы Жамбыл ауылының тұрғыны Бекежан Мамышев 6- пайызбен 3 миллион 500 мың теңге несие алды. Бұрын қорасында өзінің азын аулақ малы бар еді. Оған енді 8 бас жылқы қосты. Шаруаның негізгі мақсаты мал басы санын арттырып, шалғайдағы шағын ауылда қымыз өндіру. Себебі, Мойынқұм ауданының басым көпшілік ауылдарында қымыз өндіру жағы кенжелеп келеді. Сонымени қатар, бүгінде Мойынқұм ауданы бойынша 95- адам қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарына жолданған екен. Олар трактор жүргізушісі, шаштараз, аспазшы секілді мамандықтарды тегін оқиды. Тіпті, үш айлық курсты оқып жатқандар шаруа қожалықтарға барып, тәжірибе жүзінде де жұмыс барысымен танысса болады. Мемлекет ұсынып отырған бағдарламаның басты мақсаты халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту болып табылады. Осының арқасында биыл Мойынқұм ауданында жүзден астам жаңа жұмыс орындары ашылып, кәсіпкерлер несиемен қамтамасыз етіледі. Биыл Жамбыл облысында халықты жұмыспен қамту мақсатында республикалық жəне облыстық бюджеттерден 11,1 миллиард теңге бөлініп отыр. Қазір ол 98,7 пайызы игерілген. Жыл басынан бері өңірімізде 16913 адам жұмысқа тартылды.

    қатысты посттар

    Қызылорда гарнизонында «Алтын жебе-2020» кешенді тексерісі өтті

    Фариза

    ТАРАЗДА «BEST ВИДЕО» ТУҒАН ӨЛКЕ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ

    Шымкент: Қала әкімінің бірінші орынбасары этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 + eight =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.