-0.1 C
Алматы
Четверг, 26 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жаңа технология — мол өнім кепілі

    Биыл Жамбыл облысында 670 мың гектар жерге дәнді — дақыл себілген. Жергілікті диқандар өнімді дер кезінде жинап алу үшін барын салуда, жұмыс қызу жүріп жатыр. Ал, сол егістік алқабын қалай күтіп – баптау керек? Қандай тыңайтқыштармен жерді құнарлы етуге болады? Осы сұрақтарға Облыста жыл сайын өткізілетін егінжай күнінде жан – жақты жауап берілді. Жамбыл ауданында ұйымдастырылған семинарға ауылшаруашылығы саласының мамандары мен өңірдің шаруқожалық жетекшілері қатысты. Онда жергілікті фермерлер мен басқа да облыстан келген қонақтар осы саладағы ең соңғы жетістіктерді көзбен көріп, көңілдеріне тоқыды. Бұл жолғы семинар «Деградацияға ұшыраған топырақта жүгеріні өсіру технологиясы» тақырыбымен өтті. Өйткені өңірімізде қолданылатын суармалы жерлердің шамамен 50 пайызы жарамсыз болып қалған. Ал, суарылмай бос жатқан жерлердің жай — күйін, айтпасақ та түсінікті. Сондықтан да шараға қатысушыларға топырақты қалай тыңайту керек, ол үшін қандай тыңайтқыш қажет екендігі жан – жақты айтылды. Қазақ су шаруашылығы институты 20 гектар жерге жүгері еккен. Одан өнім мол шыққан. Бұл дегеніңіз әрине топырақты тыңайтқанның арқасы деді зерттеуші ғалымдар. Өйткені, өздерінің еккен дәнді – дақылдарын уақытылы қарап, оған күтім жасап, қажетті тыңайтқыштарды дер кезінде сеуіп отырған. Бұл қазіргі уақытта өте маңызды болып отыр. Себебі, бүгінде шекара ашылып, Қазақстанға алыс-жақын шет елдерден неше түрлі химикаттар, тұқым түрлері келіп жатыр. Олармен түрлі зиянкестер де ілесіп келуі мүмкін. Осындай әрекеттердің салдарынан егістік бітік шықпайды. Оның үстіне жерді бұрынғыдай тыңайту мәселесі де қалып барады. Аталған семинарға келген қонақтар тек топырақты қалай күтіп – баптау туралы ғана біліп қана қоймай, жаңа үлгідегі техникалармен танысып, мемлекеттен берілетін субсидялармен де ақпараттанды. Қазіргі таңда жұмыс істеймін деген барлық адамға көмек бар. Ал, бау-бақша өсіріп, жеміс-жидектің көзін табам десеңіз оған да мемлекет қолғабыс береді. Мәселен: қазір Жамбыл облысында қарапайым заттар экономикасын дамыту бойынша кооперативке біріккен ауыл тұрғындары үшін қомақты несие беру қарастырылып отыр. Сөйтіп, шаруалардың ауласындағы бос жатқан жерлерді тиімді пайдалану жұмыстары қолға алынады. Бұл елдің еңсесін көтеріп, әлеуметтік жағдайын арттыруға арналған бірден бір жоба болып отыр. Осы жобаны бүгінде барша Қазақстанға пилоттық жоба ретінде ұсыну көзделген. Ол тіпті, Қазақстан Республикасының үкіметі тарапынан да үлкен қолдау тауып отыр. Ал, енді статистикаға көз жүгіртсек. Егіс алқаптарын арзандатылған минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 1,0 млрд теңге бөлінген. Жоспар бойынша 22, 4 мың тонна минералды тыңайтқыштарды ауыл шаруашылығы алқаптарына себу көзделіп отыр. Ризығын жерден жиған диқанға бұл басқосудың берері мол болды. Өзара тәжірибе алмасты, заманауи техниканың мүмкіндігін көрді. Ендігісі – тиімдісін қолданысқа енгізіп, саланың дамуын өз биігінен түсірмеу.

    қатысты посттар

    Шу ауданында ветеринарлық жұмыстары айрықша назарға алынған

    Фариза

    Туған елге тағзым

    Шымкенттіктер жылуға 26 млн. теңге артық ақша төлеп келген

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twelve − six =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.