-13.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Облыста егін орағы қызу жүруде

    Әулиеата өңірінің әлеуеті қуатты. Айта кетсек, Жамбыл облысында жалпы биылғы жылдың егін көлемі 328 мың 706 гектарды құрайды. Оның ішінде арпа – 188 мың 945 гектар болса, бидай – 139 мың 761 гектар жерге егілді. Ал, қазіргі таңда 108 мың 279 гектар алқапқа орақ түскен. Барлығы 225 мың 650 тонна түсім жиналған. Өрташа өнімділік гектарына 30 центнерді құрап отыр. Ия, Әулиеаталық диқандар биыл мол астық жинаудан үмітті екендігі жасырын емес. Егіннің бітік шығуына жаңбырлы көктем мен ыстық жаз үлкен сеп болыпты. Сондай-ақ, шаруалар мол өнім беретін сұрыптарды таңдауға бет бұрып отыр. Мәселен: Меркі өңіріндегі жиын-терін барысы қазір қызу жүруде. Яғни, Меркі ауданында биыл жалпы 2700 гектер жер көлеміне астық егілген. Қазіргі таңда 800 гектар жерден «Стекловидная» 700 гектар жерден «Алмалы» сұрыпты бидай алқаптарында егін орағы жүруде. Ал, өнім орта есеппен гектарына 25-30 центнерден жиналуда. Жұмыстарды жүйелі атқарған «Жылы бұлақ» шаруашылығы 20 адамды жұмыспен қамтып уақытылы жалақы төлеп отыр. Егін орағы қарқынды жүруде дейді диқандар. себебі, жаңа үлгіде жабдықталған «ESSIL», «НИВА» комбайндары астықты шашпай төкпей қырманға құюға үлкен сеп болуда. Ал, салыстырмалы түрде көп өніп алып, уақытты тиімді пайдаланған үздік комбайн жүргізушілеріне өз кезегінде сыйақы тағайындалған. Қазіргі уақытта үздік үштіктің басын 600 тонна көрсеткішпен «ESSIL» комбайн жүргізушісі бастап тұр. Еңбек майданындағы бұл бәсеке ел ырысын арттыруға бағытталған. Жалпы, Меркі жеріндегі «Жылыбұлақ» серіктестігі тек, егін шаруашылығымен ғана айналысып қоймай, ұзақ жылдар қазақтың қылшық жүнді меринос қойын өсіру жұмыстарымен де айналысады. Яғни, олар еккен егінді көбіне мал азығы үшін де пайдаланады деген сөз. Шаруашылық жетекшісі Аманжол Әкетаев ел тәуелсіздік алып, ескі жүйе тараған уақытта өз алдына бөлек шығып, қазір өзі басқаратын «Жылыбұлақ» ЖШС-ігін құрды. Ол Меркі жерінде бұрыннан өсірілетін қазақтың қылшық жүнді меринос қойын өсірумен, егін және қызылша егумен айналыса бастайды. Өйткені еңбек адамының осы салада үлкен тәжірибесі бар еді. Сол 1990- жылдардың басында құрылған серіктестік қазір үлкен ұжымға айналған. Құрамында Меркінің 50- адамы еңбек етеді. Тұрақты түрде айлықтарын алады. Еңбеккер бір ғана қой және егін шаруашылығы арқылы 10- ауылдың отбасын тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Қойшылар үшін барлық жағдай жасалған. Тіпті, оларға үй салып беріп, балаларының білім алуына да көмегін тигізеді. Мал бағатын ауыл азаматтары осында жүріп өздеріне де мал жинап жатыр. Бұрыннан істейтін әр қойышының 200-300 – ден өз қойлары бар. Қосымша айлық жалақылары беріледі. Осындай жағдай жасалғаннан кейін бұл жерден ешкімнің кеткісі жоқ. Ал, жылда бидай жинаудан, егін орағынан жақсы нәтиже көрсеткен механизаторлар мен комбайн жүргізушілеріне шаруашылық қомақты қаражат немесе автокөлік сиға тартады.

    қатысты посттар

    Жамбылда Қырғыз Республикасының Талас және Шу облыстарының күндері өтті

    Фариза

    Алғы шеп мамандары марапатталды

    Фариза

    Таразда «Түркі әлемі туризмінің халықаралық туризмі» атты мәдени іс-шара өтті

    Пікір қалдыру

    five × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.