-13.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Экономика

    Аймақтағы экономикалық ахуал тұрақты

    Биылғы жыл басынан бері Жамбыл облысында барлық саладағы жетістіктерді саралай келе жалпы экономикалық ахуал тұрақты болды деп айтуға болады. Яғни, экономикалық өсім 103,8 пайызға артқан. Одан бөлек, басқа да салаларда өсім байқалады. Бөлшек сауда өсімі 130,4 пайызды құраса, көтерме сауда 109,8 пайызды құраған. Сондай ақ, өңірде құрылыс екпін алып, 12,4 пайызға өскен. Нәтижесінде 226 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліпті. Бұл туралы аймақ басшысы Асқар Мырзахметов қатысқан 7- айдың қорытындысы бойынша жиында кеңінен айтылды. Жиында 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджетке енгізілген өзгерістер де нақтыланды. Облыстық маслихаттың кезектен тыс сессиясында Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов бірінші жарты жылдықта атқарған жұмыстарына тоқталып, алдағы жоспарларымен де бөлісті. Нақтырақ айтсақ, аймақта әлеуметтің әлеуетін арттыратын тың жобалар қолға алынған. Өнеркәсіп өндірісі 3,0 пайызға, өңдеу өнеркәсібі 5,4 пайызға өскен. Негізгі капиталға салынған инвестиция 12,7 пайызға артыпты. Осы орайда, бюджеттен тартылған инвестиция азайып, жеке сектордың үлесі көбейген. Есепті кезеңде 17 млрд. теңгеге 7 жоба іске қосылды. Жыл соңына дейін 46 млрд. теңгеге 9 жоба жүзеге асады деп жоспарланып отыр. Бөлшек сауда 104,3%-ды, көтерме сауда 109,8%-ды құрап отыр. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 50 жоба іске асырылған. Сондай-ақ, ауыз су мәселесі де шешімін тауып келеді. 199 елдімекенде 130 мың адам су құбыры бола тұра таза ауыз суға қол жеткізе алмай отырғаны анықталған. Алты айдың қорытындысы бойынша 34 мың тұрғынға су жетіпті. Ал, ауыл шаруашылығы өнімі 103,8 пайызға өсіп, 670 мың гектарға жетті. Эт экспортына 500 тонна ет жіберіліп, бұл меже 30 % құраған. Егін ору өткен жылмен салыстырғанда 60 пайызға жоғары. Елді мекендерді газдандыру бағытында үзіліссіз жұмыстар атқарылап келеді.Мұнан өзге облыс бюджетінің кірісі 302,8 млн.теңгеге жетті. Ұлттық қордан әлеуметтік салаға қосымша 9,2 млрд. қаржы бөлінген. Өңірде бүгінгі таңда ең төменгі жалақы көлемі 1,5 есеге өсіп, яғни 70 мыңға жуық Жамбылдықтың жалақысы 44,2 мың теңгеден 53,6 мыңға артты. Бүгінгі күннің ең өзекті мәселенің бірі халықтың табысын көтеріп, тұрмысын жақсарту. Сол үшін Қарапайым заттар экономикасы жобасын жүзеге асырып жатырмыз деп атап өтті аймақ басшысы. Сан саланың тірлігін тіктеп, бағамын бағамдаған жиын соңында ауыл-аймақты дамытудағы жұмыстар бұдан ары қарай да жалғасатыны атап өтілді. Ол үшін қазірдің өзінде барлық ауылдарға облыс әкімдігінің қызметкерлері барып, ондағы тұрғындармен кездесу, кімнің немен айналысуға мүмкіндігі бар екендігін анықтау жұмыстары жүргізілді.

    қатысты посттар

    Бердібек Сапарбаев вакцинациялау бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды

    Фариза

    42 мыңға жуық шымкенттік азамат «Birgemiz» қорынан көмек алды

    Фариза

    Шымкент: «Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығы ашылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.