Пятница, 8 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Сұмдық! Бір үйдің үш баласы суға батып кетті

    Қарағанды облысындағы Ұлытау ауданыда бір әулеттің 3 баласы суға батып кетті. Жыланды ауылынан бір шақырым жердегі Сарысу өзеніне өз беттерімен түскен 3 қыз бала судан шыға алмай қалған. Марқұмдардың екеуі –  17 және 13 жастағы туған апалы-сіңлілілер, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

    Олар Жыланды ауылындағы ағайындарына Сәтбаев қаласынан қонаққа келген екен. Суға кеткен үшінші қыздың да жасы – 17-де. Олардың батып жатқанын 2 бала байқап дабыл қағыпты. Алайда көмек жеткенде кеш болған. Құтқарушылар жеткіншектердің өзеннің шомылуға тиым салынған аумағына түскендерін айтады.  

    Мұрат Қатпанов,  Қарағанды облыстық ТЖД бастығының орынбасары: 

    — Екі қыз бала осындай оқиға болды деп туған-туысқандарына жеткізген. Елді мекеннен туыстары жаңағы жерге барып, бір жарым сағаттың көлемінде үш баланың денелерін судың бетіне алып шықты. Мүмкін, бір терең жеріне түсіп кеткен болар, малту білмеген шығар? Бірақ тереңдігі 2 метр жерден балаллардың денелері шығарылды.

    қатысты посттар

    БҚО-да полиция бастығының орынбасары мас күйінде көлік жүргізіп, адам өліміне себепкер болды

    Фариза

    Ақмола облысында сенбілікке шыққан оқушы қаза тапты

    Қостанай әуежайының маңында мұздатылған қан табылды (фото 18+)

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.