Четверг, 11 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • МедиаОқиға

    Арыстан кішкентай балаға тап берді (видео)

    Желіде жыртқыш қай кезде де қауіпті екенін ескертетін видео жарияланды

    Оқиға Жаңа Орлеан (АҚШ,  Луизиана штаты) қаласының Одюбон саябағында болды: мұнда адамдар хайуанаттар бағына кіріп, қабырғасы әйнектен жасалған бөлмеде жануарларды тамашалай алады.

    Видеода 4-5 жасар бала әйнек қабырғаға арқасын беріп отырады. Ал шынының ар жағындағы бұталардың арасынан шыққан қаншыр (арыстанның қаншығы) баланы көріп, «жемтігін» үркітіп алмау үшін сақтықпен, ақырын басып келе жатады.   

    Бала жануарды көз қиығымен байқап қалып, сол жаққа бұрылып қарайды. Қаншыр кілт тоқтап, олжасына көз тастайды.

    Бала еш саспайды, бұл арыстанның ашуын келтірсе керек, әйнекке жүгіріп келеді.  

    Алайда балалы әйел келіп, сәбиін әйнектің артындағы қаншырдың алдына қойған кезде, жыртқыш өзін ұстай алмайды: ол артқы аяқтарымен тұрып,  алдыңғы аяқтарымен олжасын алмақ болып, әйнекті қатты ұра бастайды.

    Жыртқыш әрқашан қауіпті екенін ескертетін қорқынышты видеоны тамашалаңыз.

    қатысты посттар

    Қорықшыны өлтірген қылмыскерлердің туыстары сот үкіміне наразылық білдірді

    Түркістан облысын апаттан көз ашпады: қатты дауыл 17 үйдің шатырын ұшырып әкетті(видео)

    Фариза

    «Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?» Алматы тұрғындарына дабылды ескерту

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen − 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.