-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Қоғам Саясат

    Мотивациялық видео жолдау мен тоқал үшін орнынан алып тастау дұрыс емес!

    Белгілі қоғам белсендісі, заңгер айгүл Орынбек Шымкент қаласының экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымовке қатысты әлеуметтік желіде өз ойын білдірді, деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    Заңгердің айтуынша, мотивациялық видео мен тоқал үшін әкімді орнынан алып тастау дұрыс емес.

    » Мотивациялық видео жолдау мен тоқал үшін, орнынан алып тастау дұрыс емес! 
    Төрелігін айтуымыз керек!
    Әкімнің жұмысын сынағандар мендей ақ болсын. Дұрыс емес жерлерін осында прямой эфирге шығарып көрсетіпте отырдым. Тіпті Президенттен орнынан алып тастауды да сұрадым. Ғабидулла мырза ер азаматтар сияқты сынды дұрыс көтере білді ол үшін рахмет . Әйтпесе кейбір әкімдер артыма полиция салып сын айтқаным үшін қудалаған кездерде болып еді ғой.
    Несін айтайын Ғабекеңде қателіктер болды, қателіксіз пенде болмайды. Ешкім періште емес! Өзгеріс жасаймын деген адамдарда ғана қателік болады. Бірақ адамның ісінен емес, жеке өмірін қазбалап, орнынан алу бұл барып тұрған надандық! Әйтпесе кімде тоқал жоқ, кім шіреніп шет елде жүрмей жатыр? Кулибаевтың тоқалы Гогада Лондада бүкіл мұнайдың ақшасына шалқып жүрген жоқ па? Ондай видео ютубпен басе де толып жатыр.Неге соны билік көрмейді? Биліктің сенімі бітіпті міш, билік Ғабидулладан қорқа бастады. Осылай ашығын айтайық! Себебі Ғабидулла халықтың сүйіктісіне айналды. Қарапайым халық көп қолдап кетті. Бізде халықтың сүйіктісі болуға болмайды, билікке үміткер деп басын шауып тастайды. Менің ойымша Ғабекең осымен саясаттан шеттетілді.
    Ал Ғабекеңнің қателігі, қасына өңкей орыс тілді пиар сүйгіш жын жыбырды жинап алғандығы. Екінші мүмкіндік берілген соң әрбір қадамын абайлап басу керек еді. Бірақ қазақ мақтауды сүйгіш халық емеспіз пе, қолына папка ұстаған соң, ештеңені көрмей қалатын. Ашық айтайын қазақ тілін, қазақ қоғамын, қазақтың жүрегін түсінбейтін Данат Жумин деген бәлесі оның түбіне жетті!
    Жау алыстан келмейді, өзіңнің тілің өзіңе жау кейбір кезде!
    Өкінішті миллиардтаған ақшаларды аямай жеп отырған министрлерді, шах мат фигурасындай орнын ауыстыра салады! Ал видеоға түскен адамды саясаттан шеттеді. Мейлі ғой, алып тастасын! Бірақ әділдігін айтайық, кезінде Жаңаөзен қанды оқиғасы қай әкімнің тұсында болды? Сол әкім қайда отыр қәзір ? Мынау халықты қарызға тығып салынып жатқан ЛРТ қай әкімнің идеясы? Ол қайда отыр қәзір? Айта берсем көп! 
    Ия мен сын айтамын, ия кейде істелініп жатқан жұмыстардың дұрыстығын айтам. Кейде көп адам дұрыс түсінбей жатады, «кеше ғана жамандап отыр едің, бүгін мақтап қалыпсың»-деп!
    Туралығын айтып үйренейік азаматтық қоғам құрғымыз келсе! Дұрысы мен бұрыстығы айтылған елде ғана азаматтық қоғам қалыптасып, дамыған ел қатарына қосылады.
    Ал бүгінгі жаңалық жүйе әлі өзгеріске дайын емес екенін көрсетті!» — деп жазады Айгүл Орынбек өзінің Facebook парақшасында.

    қатысты посттар

    Жамбыл облысында «Облыстық сот» пилоттық жобасы жүзеге асты

    Сириядан 231 Қазақстандық азамат елге оралды

    Павлодар тұрғыны вакцина салғызып миллион теңге ұтып алды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seven − 6 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.