-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Мумияға айналып кеткен…» Әйел адам 37 жыл бойы нәрестенің мәйітін сақтап келген

    Тоңазытқыштан нәрестенің денесі табылды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтының дерегіне сүйеніп.

    Америкадағы Сент-Луис қаласының, Миссури штатында тұратын әйел нәрестенің денесін тоңазытқышта 37 жыл бойы сақтап келген. 

    37 жастағы Адам Смит анасының бұл құпиясын, ол көз жұмған кезде бірақ білген. Анасының бөлмесін жинап жүріп азамат тоңазытқыштың ішінен кішкентай қорап тауып алған. 

    «Мен 37 жастамын. Осы уақыт бойы қорап тоңазытқышта болған. Маған бұл тойға арналған тәттілерді безендіретін заттар деп айтатын. Оның терісі, шаштары қалыпты. Ол мумияға айналып кеткен», — дейді Адам Смит.

    Ер адам барлығын орнына салып, полиция шақырған. Нәрестенің кім екені әлі анықталмаған. ДНҚ нәрестенің Смиттің туысы болған, болмағанын тексеретін болады. Адам Смит анасының дүниеден өткен бала туралы айтқандарын естіп қалған. Ал туысқандары егіздер туралы айтып, бірі қайтыс болған, екіншісін біреулер бағып алған дейтін көрінеді. 

    «Тіпті қайтыс болар алдында жазған хатында да анам бұл туралы айтпаған. Соған қарағанда, балаға өзі зиянын тигізіп алып, барлығынан жасырған сияқты», — деп күдіктенді Смит. 

    қатысты посттар

    Қазақстанға жұмысқа орналасуға жыл басынан бері 6350 ресейлік келген

    Фариза

    Алматы облысында имам үш баласы бар әйелді зорлап, өлімге себепші болды (видео)

    Тұтынушыларды электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу үдерістерін жақсартуға бағытталған құқықтық түсіндіру жөніндегі Түркістан облысындағы дөңгелек үстел

    Фариза

    Пікір қалдыру

    17 + 13 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.