Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    «Әр нәрсенің түбіртегін жинап жүремін бе?» — көпбалалы аналар шу шығарды

    Атаулы әлеуметтік көмек алатын аналар есеп беретін болды. Бұл жайлы министрлік айтып берді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі «Информбюроға» сілтеме жасап.

    Елордалық аналар үкіметтен алған әлеуметтік көмек үшін тиынымызды санап есеп береміз деп ренжіп отыр. Мемлекет ақшамызды түгендеп есімізді шығарды деген олар әлеуметтік қорғау министірлігіне келді.

    Көпбалалы аналарды министрдің орынбасары Светлана Жақыпова қабылдап, олардың мұңын тыңдады. Шенеунік мәселені шешуіге тырысқанымен, атаулы әлеуметтік көмек көрсету келісім шартындағы кейбір ескертулерді аналардың түсінбегені белгіл болған.

    «Мен қалай есеп беремін? Күніне балаларыма бес айран аламын. Нанды, өзгесін есептемегенде, әр нәрсенің түбіртегін жинап жүремін бе? Әлде балама тамақ беремін бе?» — дейді көпбалалы аналардың бірі. 
    Ал олардың басым көпшілігі жұмсаған әр қадамымызға есеп берер болсақ, мұндай әлеуметтік көмектің қажеті шамалы дейді. 

    «Бұлай боларын білсем, әлеуметтік атаулы көмекті алмас едім», — дейді көпбалалы ана.

    Көпбалалы аналармен бірге автобусқа отырып, Есіл ауданының әкімшілігіне барған министрдің орынбасары бұл тек арнайы келісім шартқа отырған отбасыларға бағытталады. Олар әлеуметтік көмек алып, өзінің бизнесін ашқысы келсе, есеп беріп отыруға міндетті деп түсіндірді. Бұл жұмысқа жарамды, кәсіп ашуға ниетті көпбалалы отбасыларға қатысты екені бегілі болды. 

    «Тігін машинасын алдыңыз ба? Оған қанша қаражат жұмсадыңыз? Шаштараз аштыңыз ба? Оған не алғаныңызға есеп бересіз», — дейді Светлана Жақыпова.

    қатысты посттар

    Жаппай наразылық білдірген халықтың үні Германияда жүрген Тоқаевқа жетті

    Трамптың Назарбаевқа жазған хаты жарық көрді (фото)

    «Бәрі менің кешіріміме байланысты болса…» Ринат Заитов Рысбек Сәрсенбайұлына жауап берді

    Пікір қалдыру

    sixteen − 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.