-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Мәдениет және шоу-бизнес

    «Өмірімнің быт-шыты шыққан кезі»: Белгілі әнші басынан өткерген қиыншылықтарымен бөлісті

    Индира Расылхан тұңғыш қызының сырқаты туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

    Белгілі әнші өзінің алғаш  рет қалай ана атанғанын айтып, ағынан жарылды. Өнер иесі қызының денсаулығына еш алаңдамастан, перзентханадан шығарып алып, артынша оның науқас екенін сезе бастағаны туралы жеткізген. Дәрігерлер анық-қанығын түсіндірмегеннен кейін осындай жағдай орын алды дейді ол.

    «1998 жылы 1 шілде күні ең алғаш ана атанған күнім еді. Шапағат атты қызымды дүниеге әкелдім. Туылғанда дені сау, сүп-сүйкімді қыз болды. Дәрігерлер денсаулығында ешқандай да нұқсан келетіндей қауіптің жоқ екендігін айтқан болатын. Бірақ белирубин деген қанында көп болғаны жайлы бейхабар болдым. Перзентханадан шыққанда өте көп дәрілер жазып берді. Мен ол кезде жаспын, ештеңені де білмеймін ғой. Қызымның бес айлығынан бастап қана, бұл қыздың денсаулығы жақсы емес екендігін сездім», — дейді Индира Расылхан.

    Кеш дами бастаған әншінің қызын дәрігерлер сап-сау, ешқандай қауіп жоқ деп, науқас екенін айтпағанға ұқсайды. Индира Расылхан кішкентай нәрестесінің қатты ауырғанын есіне алып, мұңайды. 

    «Кеш дами бастады. Дәрігерлерге апарғанымда балаңыз жақсы деп шығарып салып жүрді. Ай сайынғы екпемізді алып жүрдік. 9 ай дегенде қызымның хәлі нашарлай бастады. Тыныс алуы біртүрлі болды. Дәрігерге тағы да апарғанымда, бәрі жақсы уайымдамаңыз деп шығарып салды. Сөйтсем, менің көңіліме келетін жағдайды айтқысы келмегеннен бе екен деп те ойлаймын», — дейді Индира Расылхан. 

    Өнер иесі қызына аяғы ауыр кезде жаман ойлардың мазалап, бөбегі үшін қатты алаңдағанын айтады. Өзімнің ниетім түзу болмағандықтан, қызымның да жағдайы қиындап кеткен шығар, Алла маған осындай сынақ берген болуы керек деп топшалаған ол. 

    «Осы орайда маған расында да Алла ол қызды ниетіме және менің қорқынышыма қарай солай етіп берген ау. Аяғым ауыр кезде үнемі қорқатынмын. Үнемі жылай беретінмін. Үнемі ойыма тыныштық бермейтінмін. Өмірімнің быт-шыты шыққан кезі сияқты көрінетін. Баланы дүниеге әкелгенде сау бала туыла ма екен, деген қорқыныш билейтін де тұратын. Осы қорқынышыма орай Алла маған сондай қыз берді», — дейді Индира Расылхан. 

    қатысты посттар

    «Маңдай терін төгіп жұмыс істегісі келмейді» Президент жастарды сынға алды

    Фариза

    «Апаттан қашқан халық коронавирустың апанына бара жатқан жоқ па?» Мақтаарал ауданында эвакуацияланған 5400 адам коронавирустан қалай қорғанбақ?

    Фариза

    COVID-19: Ұстаздар кәсіподағы қазақстандықтарға 47 млн теңгеге көмек көрсетті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fourteen − 9 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.