Пятница, 8 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Перзентханада көз жұмған әйелдің туыстары келіншектің өліміне дәрігерлерді кінәлайды

    Босануға өз аяғымен барған келіншек тіпті сәбиін де құшағына ала алмай кетіпті. Туыстары ота жасау барысында дәрігерлер қателікке жол берген деп отыр.

    Өйткені келіншек жүктілік кезінде денсаулығына қатысты еш шағым айтпапты. Ал, ақ халаттылар болса, туыстарының уәжімен келіспейді. Олар ешкімнің ойына кіріп-шықпайтын, екінің бірі бара бермейтін қадамға барыпты. Бұл туралы Qazweek.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

    Гүлшіман Якупованың туыстарының көз жасы бір аптадан бері әлі құрғамаған. Бүгін марқұмның жетісін беруде. Көрші-қолаңы мен алыс-жақын туыстары әлі де жуырда ғана орталарында ойнап-күліп жүрген оның өмірде жоқтығына сене алар емес. Шарасыз қалған жақындары еріксіз көз жастарына ерік беруде. 

    Ай-күні таяп қалған келіншек ел қатарлы ойнап-күлген. Ал 16 шілдеде толғағы қысқандықтан әкесі Гүлшіманды перзентханаға өзі алып барыпты. Дәрігерлер ота жасалмайтынын, бақылауға алатынын ескерткен. Дегенмен, қыздары таңғы бесте кесір тілігімен қыз босанғанын айтып, туыстырынан сүйінші сұраған. Бірақ көп ұзамай ішінен қан кетіп жатқандықтан қайта ота жасаған. Бірақ дәрігерлер қыздарының көз жұмғанын естірткендетөбелерінен жай түскендей болған. 

    «Нұсқаумен бару үшін алып бардым. Болмаса ол жаққа бармаушы едік. Жап-жас қызымыздан айрылып қалдық. Жап-жас, 29 жаста. Соншама бала десе өледі. Үш немереммен қалдым», — дейді әкесі Оманжан Тохтиев. 

    Туыстары марқұмның денсаулығында кінәрат болды дегенге сенбейді. Өйткені жүктілік кезінде ешқандай шағым айтпапты. Толғағы басталған кезде Гүлшіманмен бірге әпкесі де бірге болған. Дәрігерлер оны қарап, ай-күні жетпегендіктен дәрігерлер бақылауында болатынын ескертіпті. Дегенмен әпкесі ақ халаттылардың бір қателік жібергеніне сенімді. 

    «Бірінші ота жасау барысында кемшілік жіберіп, тамырларының бірін тікпей кетуі ықтимал. Соның салдары осыған әкеліп отыр. Бірақ дәрігерлер жүктілік кезі ауыр болған дейді. Оның қан қысымы ешқашан жоғары болған емес, төмен: 90 да 60 болатын», — деді әпкесі Замира Балтыбаева. 

    Ал, дәрігерлер өздеріне тағылған айыптармен келіспейді. Дейтұрғанмен денсаулық сақтау басқармасы тарапынан ішкі тексеру басталып, жауапты 4 дәрігер қызметінен шеттетілген. Оның арасында перзентхана бас дәрігері мен бөлім меңгерушісі бар. Дәрігерлер осыған дейін келіншектің ауыр күйде түсіп, жансақтау бөліміне жатқызылғанын жеткізді. Ал мұның алдындағы кесір тілігінен бері бір жыл ғана өтіпті. Мамандар кем дегенде үш жыл үзіліс болу керек еді деп отыр. 

    «Қазіргі таңда қоғамдық ұйымдар мен Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты медициналық қызмет сапасын бақылау департаменті өкілдерінің қатысуымен кешенді тексеру жұмыстары жүргізілуде. Арнайы комиссияның қорытындысы шешім қабылдау үшін полицияға берілетін болады», — деді қалалық денсаулық сақтау басқармасының орынбасар Әсел Бейсенбаева. 

    Дәрігерлерден күдіктенген туыстары құзырлы органдарға шағым түсіріпті. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары қолға аланған. 

    «Егер дәрігерлердің кінәсі анықталып жатса, олар Қылмыстық кодекстің 317-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бірақ, осы адамның өліміне әкеп соқтырған факторларды анықтау үшін, осы адамның өліміне қатысы бар тұлғаларды анықтау үшін міндетті түрде сараптамалық зерттеулердің қортындысын күту керек», — дейді қалалық полици  департаменті ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

    Туыстары бұдан былай ешкім зардап шекпеу үшін өз ісіне салғырт қараған дәрігерлерді жауапқа тартқызуды көздейді. Ал марқұмның артында ботадай боздап үш баласы мен күйеуі қалды. Ұлы бір жаста ғана. Әлі қырқынан да шықпаған кенжесі анасының аялы алақынын да, уызын да еміп үлгермеді. 

    қатысты посттар

    Алматыда мас жүргізушінің кесірінен әйел екі аяғынан айырылды (видео)

    Фариза

    Қызылордаға жақын жерде АН-2 ұшағы құлады

    Фариза

    Мәскеудегі трагедия: экипаж бен диспетчердің сөйлескен сөзінің жазбасы жарияланды (видео, фото)

    Пікір қалдыру

    three × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.