-5.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Шымкенттегі үш жасар қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты

    Шымкенттегі үш жасар қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты. Баланы көршісі өлтіріп алғаны анықталып, ол қамауға алынған. Бұл туралы Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов хабарлады.

    «Осыдан 3 күн бұрын қаламызда қайғылы оқиға орын алды. Аулада ойнап жүріп, 3 жасар Кәусар әкесінің артынан барамын деп өздерінің көршісімен бірге әкесі отырған жаққа жүреді. Кішкентай Кәусарды жетектеген көршісі қоршауды секіріп өтпекші болған кезде оны қолынан түсіріп алды. Талып қалған сәбиді көріп, көршісі қорқып, оны сол жерде қалдырып кеткен», — деп жазды Шымкент әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.

    Ол қамауға алынып, үстінен қылмыстық іс қозғалған. Әбдірахымов тұрғынның міндетті түрде жауапқа тартылатынын айтты.

    «Іс-сапардан келісімен оқиға орнына барып, мән-жайдың барлығын анықтадым. Кәусарға қатысты ешқандай зорлық жасалмаған. Кәусардың ата-анасына көңіл айттым, сындарлы сағатта бекем болуға шақырдым. Кәусардың жатқан жері жарық болып, Алла алдынан жарылқасын. Әр бала біз үшін қымбат. Сәбилеріміздің қауіпсіздігіне бәріміз жауаптымыз. Құрметті қала тұрғындары, балаларымызды сағат сайын бақылап қадағалап жүрейік», — деп жазды ол.

    Әбдірахымов әкімшілік және қала полициясының тиісті жұмыстарды күшейтетінін атап өтті. Бүгін осы мәселе бойынша арнайы жиналыс өтеді. 

    Естеріңізге сала кетсек, демалыс күндері Шымкенттегі аудандардың бірінен 3 жасар қыздың мәйіті табылған еді. Кейін полиция сараптама барысында баланың денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмағанын хабарлады. Қыз жоғарыдан құлау салдарынан өз құсығына тұншығып қалған. Бірақ сәбидің анасы мен туыстары оған зорлық жасалғанын айтып, сараптама нәтижесіне күмән келтірген болатын. 

    қатысты посттар

    Батыс Қазақстанда жүк пойызы 26 жастағы қызды қағып өлтірді

    Фариза

    «Аяусыз ұрған»: Қарағандыда қыздар арасындағы төбелестің видеосы тарап кетті

    Фариза

    Тірідей өртенген бойжеткеннің өлер алдындағы сөзі…

    Пікір қалдыру

    seven − five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.