-13.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    Сырын айтам деп шынын айтқан актриса елдің жағасын ұстатты

    Қазақ киносының жұлдызы Сая Оразғалиева Instagram парақшасында жазба жариялап, ел күтпеген мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

    Актриса өз жазбасында бойындағы жаман қасиеттің әкесінен дарығанын да мойындаған.

    «Мені үнемі сабырлы, сүйкімді қыз деп жазып жатады. Сіздер, бұл жағынан қатты қателесесіздер.

    Біріншіден, аффект күйде адам қандай болатынын мен жақсы білемін. Өйткені ол өз басымнан талай өткен. Иә, сап-сау кезімнің өзінде қатты ашуға мінсем, не істеп, не қойғанымды білмей қаламын. Ешнәрсені естімеймін, ешнәрсені көрмеймін, тіпті аяғымның астындағы жерді де сезбей қаламын. Алдымдағы әйел адам ба, әлде еркек пе, менен әлдеқайда күшті ме, ол да маңызды болмай кетеді. Басым кетеді, бітті дей беріңіздер. Бір күні біреуді сабап жатқан жерімнен есімді жидым. Оған жету үшін үстелді лақтырып жіберіппін. Шошып кеттім. Өте қорқынышты. Мұндай кезде адамды өлтіріп алуға да болатынын жақсы білемін, сондықтан өзіммен бірге ешқашан суық қару алып жүрмеймін (қалжың ғой әрине). Суық қару менде мүлде жоқ.

    Сондықтан мен өз-өзіммен жиі жұмыс жасаймын. Кейде әңгіме айқайға ұласып бара жатса алдымдағы адамға қиын болатынын, қазір менің Халкқа айналып кету қаупі барын да ескертемін. Шешем әкеме тартқанымды айтады. Ол да сырттан қарасаңыз қатты бір үлкен күш иесі емес…

    Екіншіден, менің тілім де ашты. Ашудың шегіне жетпей, орта беліне тоқтасақ, онда тілім кетеді дейсіз. Онда да не айтқанымды өзім білмей қаламын. Ертеңінде гуглден іздеп, жауабын оқығанда шошимын. Айтқандай, екі жағдайда да менің бойымда қорқыныш жойылып кетеді. Мысалы, спортпен айналысатын бір дүлейге тап болсам, тынды ғой жағдайым. Әзірге мені Құдай сақтап жүр.

    Сондықтан, естеріңізде болсын, менімен алысып пайда таппайсыз. Ал егер жақсы қарым-қатынаста болсақ, онда қалжыңбас, әңгіменің де майын тамызып айтатын жақсы қырымды көре аласыздар. Барлықтарыңыз бақытты болыңыздар!» деп жазды Сая Оразғалиева желідегі өз парақшасында.

    Сая Оразғалиева «Ғашық жүрек», «Жаңа қоныс», «Тоқал» сынды фильмдерге түскен. «Бәрі жігіттердің кесірі» фильмінде Тәуекел Мүсіліммен басты рөлді ойнаған. Екеуінің арасында сезім болды деген сыбыс та болған. Жалпы, Сая бір рет күйеуден шыққан. Бір ұлы бар. Оны әріптестері еңбекқор, мықты мінезді адам ретінде сипаттайды.

    қатысты посттар

    «Сайлауға түскенде Қосановтан көбірек дауыс жинай алар едім…» — Жүрсін Ерман

    Азық-түлік бағасын реттей алмайтын министрлерді қуу керек – актер

    Фариза

    Атыраудағы екі мектепке Фариза Оңғарсынованың есімі берілмек

    Пікір қалдыру

    9 + 11 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.