15 C
Алматы
Суббота, 4 октября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Саясат

    «Уақытша ғана нәрсе екен…» — Тоқаев өз ойын ашық білдірді (видео)

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік журналист Алексей Пивоваровтың «Президент 2.0» деректі фильмінде алғаш рет өзі және отбасы туралы айтты, деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputniknews.kz сайтының дерегіне сүйеніп.

    «Алғашқы күндері жаңа лауазымға үйренбедім. Әсіресе, көпшілік жиналған іс-шараларда үйреншікті болған жоқ. «Президент, президент» дегенді естігенде, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев келіп қалған шығар деп ойлайтынмын. Бірақ бұл уақытша ғана нәрсе екен, жақсы нәрсеге тез үйренесің», — деді Тоқаев сұқбат барысында.

    Деректі фильм 21 шілде күні сағат 22:00-де 31-арнадан эфирге шығады. Қасым-Жомарт Тоқаев отбасының тағдырына XX және XXI ғасырдағы Қазақстан тарихының қаралы беттері әсер еткенін айтады.

    Мемлекет басшысы Қазақстанның Ресей, Қытай сынды елдермен байланысы туралы айтады. Өзі кездескен әлемдік саясаткерлерге баға береді.

    Көрермен Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзін мақтаған адамдар туралы не ойлайтынын, дінге деген көзқарасын және қандай кітап оқитынын біле алады.

    қатысты посттар

    Алматыда арнайы жасақ көшелерді қоршауға алып, тұрғындардың өтуіне кедергі жасауда

    Фариза

    Дариға Назарбаева: Әйелдерді билікке әкелу керек

    Фариза

    «Зейнетақы мөлшері міндетті түрде өседі» Министр 1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшері қанша пайызға өсетінін айтты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    13 − 11 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.