-14.1 C
Алматы
Среда, 25 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Денсаулық

    30 теңге алып көз тиген, жын кіргендерді емдейтін Түркістандық қария кім?

    Түркістандық Немат ақсақал дем салғанда жұртшылықтан неліктен бары-жоғы 30 теңге алатынын Stan.kzақпарат агенттігіне берген сұхбатында айтып берді.

    Зағип қария көп жылдардан бері қатты ауырған, көз тиген, жын кірген адамдарға да дем салып емдеп жазады. Таң атпай есігін торуылдап дем салдыратындардың қарасы қалың. Күнделікті келушілер шамамен 50-60 адамды құрайды. Олардың дені әйелдер мен жас балалар.

    Емші Немат ақсақал алдына келген адамдарды Құран аяттарын оқып, артынан қағады, түкіреді. Ақсақалдың өзі емді Алла беретінін, ол тек себепші екенін айтады.

    — Менің асып бара жатқан ілімім жоқ, арабша білмеймін. Келгендерге дем салып, батамды беремін. Дем салу ислам шариғатына жат емес. Дәретті келсе, тіптен жақсы. Бала-шағаны, дүние-мүлікті, өзіңізді таңертеңгілік және кешке оқылатын дұғаларды оқумен, арагідік садақа берумен, діни міндеттерді орындаумен және туыстық қарым-қатынасты жақсартумен қорғаған жөн, — дейді ол.

    Нилуфар есімді бойжеткен жиі келіп, оқытылып тұратынын айтты. 

    — Ата бұрыннан бір нанның ақысына дем салатын. Қазір нан бағасы қымбаттаса да, 30 теңге беруімізді сұрайды. Егер артық берсең, қайтарымын өзіңізге санатып алғызады. Бүгін інілерімді алып келдім. Атаны бәрі жақсы көреді. Жақсылық тілеп, ақ батасын беріп шығарып салады. Арасында әзілдеп қояды, — деді дем салдырушы.

    Қасиетті мекенде халықтың алғысын алып жүрген емші саналы ғұмырының соңына дейін «жақсылық жасап өткізсем, артымда жақсы сөз қалса» дейді. 

    қатысты посттар

    Құрманы аш қарынға жесе не болады?

    Қазақстанда коронавирусты анықтайтын лаборатория жоқ

    Қытайдағы эпидемия 2011 жылы түсірілген америкалық фильмнің сценарийі секілді

    Пікір қалдыру

    fourteen + 11 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.