«Имамды өз үйіне сабап, мұрнын сындырып кетті» деген ақпарат тарады. Видеоны Facebook-парақшасына Ильяс Бурxанов есімді желі қолданушысы жүктеді, деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sn.kz сайтының дерегіне сүйеніп.
Бурхановтың жазбасын өзгеріссіз беріп отырмыз.
«1990 жылғы күш көрсету әлі қалмапты. Мына видеода біздің ауылдың имамы. Үйіне кіріп, бала-шағасының көзінше ұрып кетіпті. Әйелінің айтуынша, қолында темір болған дейді. Кастет шығар. Ажыратуға келгендерді бұзықтың екі інісі есіктің алдында кіргізбей ұстап тұрған ғой. Ауыл жағасын ұстап отыр. Жәбірленуші ауруxанада, ал ұрған адам сол жүрген «тайрандап».
Онымен қоса «өлтіріп тастайм, бала-шағаң жетім қалады, маған десең әкім-генералыңды да алып кел» деген сөздермен қорқытқан.
Істі соңына дейін жіті қадағалап, лайықты жазасын алуды сұраймыз.
Бұны заңды түрде жазасын беріп тоқтатпасақ, күш көрсетуді жақсы көретіндер көбейеді», — деп автор ҚР Бас Прокуратурасының Facebook-парақшасын белгіледі.
Жазба иесі Түркістан облыстық полиция департаментін де белгілегеніне қарағанда оқиға осы облысқа қарасты ауылдардың бірінде болғанға ұқсайды.