-3.1 C
Алматы
Четверг, 28 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Өскеменде қараусыз қалған жағалау саябаққа айналды

    Өскемендегі көп жылдан бері қараусыз, иен жатқан аумақта жаңа спорттық-табиғи-экологиялық саябақ бой көтерді.

    Айта кетейік, өткен жылы облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасымен бұл жерде ауқымды абаттандыру жұмыстары басталды. Нәтижесінде мұнда тамаша демалыс орны пайда болды.

    Ағымдағы жылдың 15 тамызында «Самал» саябағындағы ауқымды абаттандыру жұмыстары толық аяқталады. Өскеменде салынып жатқан жаңа саябаққа барған облыс әкімі Даниал Ахметов осылай деді.

    – Бұл жер өскемендіктер мен қала қонақтарының сүйікті орындарының біріне айналады. Рас, былтыр осы жұмысты бастағалы жатқанда, бұл әрекетімізге күмәнмен қарағандар көп болды. Өйткені бұл жер көп жыл бойы қараусыз, иен жатқан еді. Дегенмен біз бір-ақ жылдың ішінде оны адам танымастай етіп өзгерттік. Жалпы, бұл саябақты қаладағы басқа парктерден табиғаты ерекшелеп тұратын болады. Ең бастысы, мұнда келушілер спорттың барлық түрімен айналысатын болады. Оған барлық жағдай жасалады, – деген аймақ басшысы демалыс орны аумағында атқарылған жұмыстарды оң бағалап, нысан қолданысқа уақтылы берілуі керек екенін айтты.

    Естеріңізге сала кетейік, жаңа саябақ Октябрь аралында салынуда. Онда заманауи жағажай, түрлі спорттық нысандар, жүгіру жолақтары, велосипед жолы, роллердром, скейтпарк, балалар алаңқайлары мен фудкорттар (тамақтанатын орындар), полиция мен медициналық пункт сияқты нысандар салуға бағытталуда. Бүгінде саябақтың сыртына кем дегенде 200 автомобиль сыятын көлік тұрағын да салған. Сондай-ақ мұнда демалушыларға құтқарушылар мен медицина қызметкерлері тиісті көмек түрлерін көрсететін болады.

    Саябақ аумағына көлікпен кіруге тыйым салынады. Мұндағы басты мақсат – демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сол сияқты итпен кірем деушілерге бөлек аумақ беріледі.

    – Осы саябақта барлығы табиғи болуы керек. Тұрғындар мұнда тек демалуға ғана емес, табиғатқа бір табан болсын жақындау үшін келулері тиіс. Сондықтан газондарды қырқып, қара жерді тегістеудің де қажеті жоқ, — деп атап өтті аймақ басшысы.

    Айта кетейік, «Самал» саябағындағы балаларға арналған көл мен жағажай дайын болды.

    Қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметіне сенсек, Ертісті жанай аққан арна қоқыстан толық тазартылып, онда таза су жіберіледі.

    Алдағы уақытта мұнда балаларға арналған орындық, шатыр және күнге қыздырынып жатуға арналған төсектер қойылады.

    – Көлшік уақытылы тазартылып, ара-тұра суы да ауыстырылып тұрады, – деді «Астас» ЖШС-ның директоры Борис Невзоров.

    Аймақ басшысы Даниал Ахметов Өскемендегі Бейбітшілік көшесінде салынып жатқан жаяу жүруге арналған көшеге барып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

    Айта кетейік, жоспар бойынша облыс орталығындағы тұңғыш жаяу жүргіншілерге арналған көшенің бірінші бөлігі (Сағадат Нұрмағамбетов жəне Максим Горький көшелерінің аралығы) қыркүйек айының біріне дейін салынып бітуі керек.

    Құрылыс қарқынымен танысқан аймақ басшысы оған оң бағасын берді.

    – Таяуда бұл аумаққа жаңа келбетке ие болады. Мұнда гүлзарлар мен келушілер демалатын орындықтар қойылып, балалар алаңқайы мен субұрқақ салынады, – деді Даниал Ахметов.

    қатысты посттар

    Шымкент: Маусымда 14184 адам тексеруден өткізілмек

    Фариза

    Шымкенттіктер мақтааралдықтарға киім-кешек пен қажетті заттар жіберді

    Фариза

    Ақкөлде ағын су мәселесі шешілуде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seventeen − 16 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.