-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Меркі ірімшік зауыты қуаттылығын арттырады

    Жыл басында Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов өңірлерде жұмыс істеп жатқан ірі кәсіпорындардың жүктемелерін көбейту жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Осыған сәйкес, Меркі ауданындағы Меркі ірімшік зауыты қазір ауылшаруашылығы кооперативтермен жұмыс істеуді мықтап қолға алып отыр. Ол үшін өңірде бірнеше сүт өткізу пунктері іске қосылған. Олай істемесе болмайды. Өйткені, Меркі ірімшік зауыты секілді ірі зауыттардың жүктемесі бүгінде 50 пайыздан аспайды. Ал, ауыл тұрғындары сүттерін қайда өткізетіндігін білмей отыр. 1954 жылдан бастап жұмыс істейтін Меркі ірімшік зауыты бүгінде сүт өнімдерінің 10-нан астам түрін шығарады. Оның ішінде атақты Меркі майы, Меркі айраны және Меркі сыры еліміздің өзге де облыстарына тасмалданады. Қазір күніне 15-тоннаға дейін сүт қабылдайтын мекемеде 140-адам тұрақты жұмыс істейді. Біздің зауыттың тарихы өте бай. Мұнда кезінде 500- ден астам адам жұмыс істеген болатын. Алғаш рет өнімді 1958 жылдан бастап бере бастады. Ол кезде зауыт тек Меркі жеріне емес, барша елімізге белгілі болды. Осы жерде талай адам тер төкті. Қазір зауытымыздың біраз бөлігі ескірді. Бірақ, осыған қарамастан біз жұмыс істеп жатырмыз. Жаз уақыттарында Меркі ірімшік зауытының 50 тоннаға дейін сүт қабылдауға мүмкіндігі бар. Сүтті жеке шаруашылық иелері, осы маңда сиыр ұстайтын азаматтар өткізеді. Оларға ақшасын да қолма-қол төлейміз. Өзіміздің сүт жинайтын көлігіміз де бар. Бүгінде Меркі ірімшік зауытында сары май, айран, құрт пен ірімшік секілді сүт өнімдері шығарылады. Бізде ешқандай қоспа жоқ деп айтсам болады. Барлығы да табиғи таза өнімдер болып есептеледі дейді кәсіпорын басшылары. Меркі ірімшік зауыты былтырғы жылы үкіметтен 6,5 млн. теңге субсидия алып, сүт өнімдерінің сыртқы қорабы мен қаптауыш қағаздарын жасайтын құрылғы алды. Бұл шығарылатын өнімге шикізатты 100-пайызға дейін зауыттан істеуге мүмкіндік туғызды. Кәсіпорын жұмысшылары екі ауысымда еңбек етеді. Айлық-жалақылары да тұрақты. Меркі ірімшік зауытының басшылығы Елбасының бес әлеуметтік бастамасында көрсетілгендей несиені жеке үй жанынан құрылған зәкірлі кооперациялар жобаларына бағыттау керектігін айтып отыр. Себебі, осы арқылы сүт зауыттарындағы шикізат тапшылығын жоюға болады. Әйтпесе, бұл кәсіпорынның күніне 50 мың сүт қабылдауға дейін мүмкіндігі бар. Менің бұл зауытта жұмыс істегеніме 12 жылдан асты. Осы уақыт ішінде өзімнің басшыларымнан көп нәрсені үйрендім. Біздің бөлімде қазір 10- адам жұмыс істейді. Олардың көбісі әйел азаматтары. Менің негізгі жұмысым, осы сыр тоңазтқышына дайын өнімдерді алып келу. Оларды белгілі бір температурада қарау. Сырды дайындау да ұзақ процес. Ол алдымен сүттен жасалады. Кейін тұзды суға салынып, екі-үш күн сонда жатады. Әбден тұздалып біткеннен кейін осында әкелінеді дейді жұмысшы Махаббат Сабринова. Енді кәсіпорын қуаттылығын арттыратын болса, Махаббат секілді жақын жерден жұмыс табатын азаматтар көбейетін болады.

    қатысты посттар

    Шымкентте «Бекжан» базарынан өрт шықты

    Фариза

    Қашықтан оқыту: Қызылордада мұқтаж отбасыларға тағы 20 компьютер табысталды

    Фариза

    ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР ЖҮКТІ ӘЙЕЛДІ СӘБИІМЕН БІРГЕ АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.