Суббота, 17 января 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    «Ақшасы бар шетелдіктер xалқымызды да сатып алып, білгенін жасай бере ме…»

    «Салық төлеуден қашып, неше түрлі құйтырқы әрекетке барып, халықтың құқығын таптап жатқан инвесторларға неге шара қолдайбайсыздар? Өз елімізде өзге ұлттардың алдында ұлтарақ болып, өлетін болдық қой!», — деді заңгер өз Facebook-парақшасында.

    Блогер әрі заңгер Айгүл Орынбек шет елден келетін инвесторлар жұмысшылардан бөлек, тұтынушы халықтың да құқығын таптап жатқанын айтты. 

    «Президент Тоқаев мырза! Шет елден келетін инвесторларға неге қатал заң шығаруды сұрамайсыз? Жерді бересіздер, одан соң өз заңымызды өзімізге қолданады. Салық төлеуден қашып, неше түрлі құйтырқы әрекетке барып, халықтың құқығын таптап жатқан инвесторларға неге шара қолдайбайсыздар? Өз елімізде өзге ұлттардың алдында ұлтарақ болып, өлетін болдық қой!

    Кез келген ақшасы бар өзге ұлт өкілі келіп, елге ақша салдым деп білгенін жасай беру керек пе? Инвесторлар сонда халқымызды да сатып алады ма? Жұмысшылардың құқығын таптағандары аздай, енді тұтынушы халыққа көшті! Біздің билік бізді қашан қорғайды? Инвестиция тартатын кезде ең бірінші заңды өз халқымыздың құқығы қорғалатындай етіп жасаңыздар! Ақша-ақша деп қазба байлығымызды, жерімізді бергендеріңіз аздай, халықты да құл қылып жібердіңіздер!», — деп жазды Айгүл Орынбек.

    қатысты посттар

    Тұңғыш президент кеңсесіне бюджеттен 7 миллиард теңге бөлінбек

    Фариза

    Мыңдаған адамның өмірін жалмаған Boeing 737-нің 30 қалдығын Қазақстан қандай мақсатта сатып алмақ?

    Фариза

    “Қиянатқа мен қалайша төзермін? Көне алмаймын алдау менен айдауға…” — Әміржан Қосанов (видео)

    Пікір қалдыру

    five × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.