Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Президент кортежі апатқа ұшырап, балалар автобусын қағып кетті

    Зеленскийдің кортежі балалар отырған автобусқа соғылды.Украина президентіні кортежінде мемлекеттік күзет басқармасының жеке құрамы отырды. Бұл жайында Qazweek.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтының дерегіне сүйеніп xабарлайды.

    Украина президенті Владимир Зеленскийдің кортежі Запорож облысында апатқа ұшырады. 

    Жол-көлік оқиғасы үш көлікті қақтығысынан болды. Кортеждің Volkswagen Touareg көліктері автобусты қуып жетпек болған. 

    Зеленскийдің өзі көлік ішінде болған жоқ. Ол Киевке ұшақпен кеткен еді. 

    «30 жүргізушінің жартысы ғана штатта жұмыс істейді. Жұмыс кестесінің ауырлығынан жүргізушілер түнімен көз ілмейді», — деген ақпарат БАҚ-та жарияланды.

    Кейінірек жүргізушілердің жеткіліксіздігі жайлы, олардың түнімен көз ілмейтіні жайлы ақпарат теріске шығарылды. 

    Оқиғаға микроавтобус жүргізушісі себепкер болды. Ол балалар автобусын басып өтпек болған. Автобус балалары сауықтыру орталығына жөнелтпек еді. Апат салдарынан автобустың бірі жыраға түсіп, басқа көліктер механикалық зақым алды. 

    қатысты посттар

    «Қазақ тіліне қастандық бұл, Сағадиев, заң алдында жауап бересің әлі»

    Фариза

    Назарбаев та Атамбаевтың күйін кеше ме?

    «Ананың қарғысын өтеу мүмкін емес» Назарбаев анасының сөзін есіне алды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    ten − six =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.