-11.1 C
Алматы
Среда, 25 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жасыл энергия — болашақтың энергиясы

    Жамбыл облысында жаңартылған энергия көздерінен қуат өндіру дамып келеді. Өйткені, ол біріншіден, қоршаған ортаға еш зиянсыз, екіншіден бағасы – қолжетімді. Меркі ауданында электр энергиясын өндіретін Су электр стансасының жұмысында ілгерілеушілік байқалады. Серіктестік қомақты қаржыға Қытай елінен сатып әкелген жаңа қондырғыны іске қосып отыр. Стансаның күнделікті толық қуаты – 12 550 КВТ-ты құрайды. Қазіргі уақытта тұтынушылар саны да біршама артқан, жалпы саны – 103 ке жетті. Оның 53-і жеке тұлғалар болса, 60-қа жуық бюджетті мекемелерді де электр қуатымен қамтып отыр. 25 адам тұрақты жұмысқа тартылған стансаның алдағы жоспарлары да айқын. Судан электр қуатын өндіретін нысан 1998 жылы іске қосылған. Содан бері мұнда көптеген істер қолға алынып, ауыз толтырып айтарлықтай жұмыс атқарылды. Мәселен, бір ай бұрын Қытай елінен қомақты қаржыға сатып алынған жаңа қондырғы іске қосылды. Жаңа технологиямен жабдықталып, жаңашылдыққа ұмтылған стансада электр қуатын өндіру көлемі де ұлғайтылды. Облыста 2020 жылға дейін жалпы қуаты 247 МВт-ты құрайтын бірқатар жобаларды жүзеге асыру көзделуде. Атап айтқанда, Меркі ауданында Т.Рысқұлов, Жуалы, Шу ауданындарында баламалы энергия көздерін өндіретін электр стансалары салынбақ. Бұл жобалар толықтай жүзеге асқанда өңірдің баламалы қуат көздерін өндірудегі үлес салмағы арта түспек. Мәселен: Жуалы ауданындағы «Бурное- Солар» күн электр стансасы – бүкіл Орталық Азиядағы ең үлкен нысан саналады. Ол 224 гектар жерді алып жатыр. Мұнда сағатына 100 мегаватт энергия өндіріледі. Бұл дегеніңіз 70 000 үйге қажетті қуат көзі. Күн электр станциясының өндірістік қуаттылығын арттыру мақсатындағы жобаның екінші нысаны 74 гектар аумаққа орналасқан. Ол биылғы жылы пайдалануға берілді. Құрылыс жұмыстарына 300-ге жуық жұмысшы тартылып, он айда жүзеге асты. Жобаның жалпы құны – 25 миллиард теңге. Күн электр станциясында жалпы 377 мың күн панельдері орнатылған. Әрбір тақтайшаның қуаттылығы – 260-270 ватт. Мамандар биыл екі станциядан 150 миллион киловатт сағат электр қуатын алуды жоспарлауда. Ал өндірілген жасыл энергия оны таратумен айналысатын арнайы мекемелерге тасымалданады. Бұл компаниялардың барлығы да, өндірген энергиясын оны таратумен айналысатын арнайы мекемелерге тасымалдайды. 2020-шы қарай мұндай нысандардың саны тағы артып, Жамбыл облысы өз қажеттілігінің 60 пайызын баламалы қуат көздерінен алады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, осы «Бурное Солар» компаниясының қазір екінші күн панельді бөлігі салынып жатыр. Оның құрылысы толық аяқталғаннан кейін жобаның қуаты қазіргіден де артатыны түсінікті. Екінші жобаның қуаттылығы біріншіге қарағанда, 10 ватқа артық. Барлық модульдердегі өндірілген электр қуаты 32 шағын станцияға бөлінген, ол жерден кернеулі тоқ тұрақты түрде трансформатор арқылы 220 киловаттық шағын станцияға кеп түседі. Одан кейін елді мекендерге таратылады. Жалпы, Жамбыл жеріндегі күн мен желден электр жарығын алу жұмыстары бұл ғана емес. Қордай ауданында да желден тоқ алу үшін «Виста» атты жел электр стансасы орнатылып, бүгінде толық көлемде жұмыс істеп тұр. Жамбыл облысы осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру бойынша республикада алдыңғы қатарда екендігін айта кеткен жөн.

    қатысты посттар

    Қызылорда: Жаңақорған ауданындағы 30-ға жуық елді мекенге су жүйесі тартылады

    Фариза

    Мемлекеттік қызметтерді үйде отырып-ақ алуға болады

    Фариза

    Шымкент биыл әлемнің 11 еліне ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fourteen − four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.