-11.1 C
Алматы
Среда, 25 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбылдықтардың көмегімен Арыста 25 үй пайдалануға берілді

    Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Ел басына күн туған қиын сәтте Арыстық ағайында жалпы жұрт болып қолдау көрсетіп жатқандығы белгілі. Бұл ел бірлігі мен достығын, қайырымдылығы мен қамқорлығын көрсетсе керек. Сын сағатта көрші жатқан Жамбыл облысы да қарап отырмады. Ең бірінші болып көрші облысқа көмек қолын созды. Өңірден бірнеше камаз гуманитарлық көмек жіберіліп, енді Арыстағы қабырғасы қақырап, сылағына сызат түскен үйлерді жөндеуге кірісті. Ол үшін Жамбыл облысына арнайы сектор берілді. Әрине, бұл тұрғыда Жамбылдық құрылысшылардың белсенді еңбегін елеп айтуға болады. Облысқа тиесілі 3-сектордағы 25 жеке тұрғын үйдің жөндеу жұмыстарының толығымен аяқталғаны соның айғағы. Пайдалануға берілген бұл үйлерге қайта қоныстанған Арыстық ағайындар әулиеаталықтарға дән риза. Қазіргі таңда 3-сектор бөлінісі аумағындағы қалпына келтіру шараларына жамбылдық 4 құрылыс компаниясының 442 құрылысшысы мен 21 теxникасы жұмылдырылған. Олар 218 жеке тұрғын үй бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Еске сала кетейік, Арыс қаласын қалпына келтіруге бағытталған Жамбыл облысының штабына қарасты 3-секторға 11 көше бекітілген. Онда жеке тұрғын үйлермен бірге 14 әлеуметтік және коммерциялық нысан бары анықталған. Зерделеуден өткен жеке тұрғын үйдің барлығының ақау актілері толтырылып, сметалау жұмыстары жасалды. Қираған 3 үйдің екеуі басынан бой көтеріп, біреуі толық жаңғыртылатын болады. Қалған үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Апта басында Арыстағы Жамбыл облысы атқарып жатқан жұмыстарға Үкімет басшысы Асқар Маминның өзі бас сұғып, оң бағасын беріп кетті. Енді жалпы Арыстағы жағдайға тоқталсақ. Бір айта кетерлігі қазіргі таңда Арыс қаласын қалпына келтіру бағытындағы жұмыстар түнде де жүргізіліп жатыр. Себебі, тұрғындар күн суытпай өз үлеріне кіруі тиіс. Жалпы, қалада 8401 үй тіркелсе, оның 7097-сі зақымдалған. Сонымен бірге 104 көпқабатты үйдің 94-іне жөндеу жұмыстары тағайындалған. Мәселен, кейбір секторларда жер үйлердің шатырын жабу әрекеті түнде де толастаған жоқ. Жалпы Арыстағы құрылысқа еліміздің 14 облысы мен 3 қаласынан келген 5 мыңдай құрылысшы, 180-нен астам мердігер тартылған. Жергілікті тұрғындар да ақылы құрылыс жұмысына қабылданып жатыр. 17 секторға облыс, қала әкімдіктерімен бірге аудан әкімдіктері де бекітілген. Олар сол сектор тұрғындарын тіркеу, құжаттарын қабылдау, гуманитарлық көмек көрсету, аумақты қоқыстан тазалау және өзге де жұмыстармен айналысуда. 1-секторға Атырау облысы мен Жетісай ауданы жауапты. Мұнда 482 үй бар. Жетісайлық азаматтар түнде де штаб жұмысын тоқтатпай, тұрғындарға көмек көрсетуде. Барлық секторда елге деген жанашырлық, жұмысты ерте аяқтауға деген құлшыныс бар. Жергілікті тұрғындар осы жұмысты үйлестіре білген үкіметке, өзге өңірлерден көмекке келген азаматтарға ризашылығын білдіруде. Соңғы мәлімет бойынша Арыста 700-ден астам үй жөнделді.

    қатысты посттар

    Жамбылда құс шаруашылығы қарқынды дамып келеді

    Фариза

    МҰРАТ ӘЙТЕНОВ АРДАГЕРЛЕРДІ ҚАРТТАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

    Фариза

    Шымкент: Қаратау ауданында 65 қоқыс алаңшасы жаңартылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    15 − one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.