-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Әлеуметтік саланың әлеуетін арттыру басты назарда

    Жастар жылына орай Жамбыл облысында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру бойынша биыл Респуликалық бюджеттен 166 млн теңге қаржы бөлінген. Оны ендігі жерде тиімді игеріп, шын мұқтаж адамдарға барынша жағдай жасалуы керек. Мемлекет басшысының да қазіргі таңда қойып отырған талабы осы. Бұл жөнінде толығырақ Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы, Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Тимуржан Нұрымбетов мәлімдеді. Сонымен қатар, журналистермен жүздесуде аталған басқарма өкілдері ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмыстарын баяндап берді. Әкімдік қызметкерлерінің сөзіне сенсек, облыста бұл бағыттағы жұмыстарда алға жылжушылық баршылық. Тіпті, шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін де мемлекеттік бағдарламаның мүмкіндігі мол болып тұрған тәрізді. Осы жиында, басқарма басшыларының айтуынша облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында тындырымды тірліктер көп көрінеді. . Мәселен көптің көкейінде жүрген көп балалы аналарға арналған «атаулы әлеуметтік көмек» дер кезінде беріліп, 162 мың 334 адам бүгінгі күнге оны алып үлгерген екен. Елбасы бастамасымен қолға алынған бұл жоба қазір халық үшін өте тиімді болып отыр. Осының арқасында облысымызда жағдайып айтарлықтай жақсартып, тірлігін тіктеген жандар көбейген. Мәселен: Талас ауданы шағын ғана Үшарал ауылында тұратын 57 отбасы атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылған. Ал, әр ауданда осы секілді жүздеген ауылдар бар екенін ескерсек, ел үшін ел азаматтарының жасап жатқан жақсылығы жетерлік дерсің. Мұнан өзге «Кәсіпкерлік істі дамыту» бағдарламасы аясында көпбалалы отбасыларға берілетін грант саны да артқан. Бұдан былай кәсібін ашамын дейтін аналар болса қайтарымсыз ақшалай қаржы алуларына болады. Мұндай мүмкіндік бұрын сонды болған емес. Халық жаппай несие алатын. Қазір осындай әлеуметтік пакеттердің көбейгендігі жұртқа жылы пікір қалыптастырып отыр. Сонымен қатар, 1208 адам «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, 193 адам шағын несиесін ашқан. Алты айдың қорытындысы бойынша 36 адам грант алған. Ағымдағы жылдың 1-шілдесінен жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 16 мың 913 адам тартылған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оңалту мақсатында облыстық бюджеттен 764,1 млн. теңге қаржы бөлініп отыр.

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ ОҚМУ-ДЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

    Фариза

    Таразда қаласында Сарысу ауданының күні өтті

    Фариза

    Шымкент: Емханалар мен отбасылық амбулаториялар жанынан уақытша мобильді бригадалар құрылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.