2 C
Алматы
Среда, 13 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    «Иә, мен тұрмысқа шықтым…» — 5 балалы әнші тұрмысқа шықты

    Қазақстандық әнші, көп балалы ана Динара Сұлтан тұрмысқа шықты. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтының дерегіне сүйеніп.

    https://www.instagram.com/p/Bz1gBSRJrW0/?utm_source=ig_embed&ig_mid=XSmzNgAAAAHM1VwCx-oMHkdz0Nv8

    Желіде жарияланған фотосуретте танымал әнші балаларының ортасында сәнді көйлекпен тұрғанын көруге болады.

    Өз жазбасында:

    «Иә, мен тұрмысқа шықтым. Және де менің сүйікті балаларым оның куәсі болды. Мен бақыттымын. Барлықтарыңызға осындай бақыт тілеймін», — деп оқырмандарына бақыт тіледі.

    https://www.instagram.com/p/BszSCcZHxqA/?utm_source=ig_embed&ig_mid=XSmzNgAAAAFqvDBgv11Z7Q1EQ9FG

    Әншінің таңдауы кімге түскені әзірше белгісіз, алайда желі пайдаланушылары Динара Сұлтанның ол адаммен көп жылдар бойы бірге екеніне сенімді. Бұған әнші үйлену суретке қол қойған #10years хештегі куә болуы мүмкін.

    Жанкүйерлері оның балаларының әкесі кім екендігі туралы сұрақ қоюды тоқтатпағанымен,әнші жеке өмірі туралы тіс жарып ештеме айтар емес. Кейде парақшасына беті жартылай жабылған адамның суретін салып жұмбақтап қояды.

    Сұхбаттың бірінде Динара Сұлтан сүйген адамы өзінен үлкен екенін, өз бизнесін жүргізетінін және үлгілі әке екенін айтқан еді.

    https://www.instagram.com/p/BHJXXA-htdB/?utm_source=ig_embed&ig_mid=XSmzNgAAAAEf2sEb5RPRB4xXRsrQ

    Қазақстандық әнші Динара Сұлтан 2006 жылы «SuperStar.kz» музыкалық жобаға қатысқаннан кейінелімізде үлкен танымалдыққа ие болды. Кейінірек әнші China town тобының солисті болды.

    қатысты посттар

    Өскеменде Наурыз мейрамы жаңа форматта өтеді

    «Көтеріліс арқылы мәселе шешілгенін көрген емеспін…» — белгілі әнші митингіге қатысты өз ойын білдірді

    «Үй жинап, еден жуып жатқан…» — Жанар Хамитованың өлімі жайында ағасы айтып берді

    Пікір қалдыру

    5 × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.