Мемлекет басшысы өз жолдауында отандық жеңіл өнеркәсіпті қолдау мақсатындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырған еді. Осыған байланысты Жамбыл облысының әкімі де бірқатар кәсіпкерлермен кездесіп, жергілікті тауар өндірушілерді қолдау керектігін алға тартты. Жеңіл өнеркәсіп ішінде Жамбыл облысындағы ең жақсы дамыған саланың бірі тоқыма мен тігін саласы. Бұл бағытта өңірімізде 30- жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан кәсіпкерліктер бар. Олар қазір де тірлігін тіктеп, облыста жеңіл өнеркәсіптің дамуына ат салысып келеді. Алайда, жергілікті кәсіпкерлер үшін соңғы уақытта отандық өнімге деген қолдау мәселесі жеткіліксіз болып отыр. Солардың бірі тігін саласында 32- жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан Любовь Попованың «Айвенго» компаниясы. Алғашқы қиын кезеңнен бастап, қазірге дейін тоқыма өнеркәсібін дөңгелетіп келеміз. Бізде тауардың мыңнан астам түрі бар. Бұрын бүкіл Қазақстан аумағында жұмыс істесек, қазір өзіміздің облыстағы ішкі нарықты қамтып отырмыз. Сонымен қатар, көрші облыстарға да тауар жөнелтеміз дейді жеке кәсіпкер. Әрине, Елбасының өзі үкімет мүшелері мен жалпы жұртшылыққа отандық тауар өндірушілердің киімін киетінін және соны пайдалану керектігі жөнінде ұсыныс тастаған болатын. Себебі, ішкі нарықтағы жоғарғы сұраныс жергілікті компаниялардың жұмысын жақсартады дейді осы саланың мамандары. 2018 жылы Жамбыл облысында жергілікті кәсіпкерлікті қолдау мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды. Оның ішінде облыс басшысы Асқар Мырзахметовтың өзі бірнеше мәрте кездесу өткізіп, олардың көкейлерінде жүрген бірқатар түйіткілді мәселелерге жауап берді. Тіпті, өңірде кәсіпкерлікті дамытудың жол картасы әзірленді. Тараз қаласында орналасқан «Айвенго» компаниясының бұл тігін цехында бүгінде 15- адам жұмыс істейді. Олар арнайы әскери киімдер, спорттық киімдер мен мектеп формасын, сонымен қатар, көрпе мен жастықтың бірнеше түрін дайындайды. Заманауи бағытта жұмыс істейтін мұндай зехтарда жұмыс күші де, техника да жеткілікті. Ең бастысы тапсырыс болса болғаны дейді кәсіпкерлер.Бұл тігін цехы аптасына алты күн бойы жұмыс істейді. Онда қазіргі таңда әскери және медицина саласының мамандары киетін арнайы киімдер тігіп жатыр. Ол мемлекеттік тапсырыс негізінде де жүзеге асады. Тігін цехында жұмыс істейтіндердің айлық-жалақылары тұрақты. Осында тегін тамақпен де қамтамасыз етілген. Тараз қаласы бойынша жеңіл өнеркәсіппен айналысатын жергілікті кәсіпкерлердің бірнеше дүкендері де бар. Алайда, оны жұртшылықтың көбісі біле бермейді дейді олар. Сондықтан да мұнда халық нөпірі көп емес. Бірақ, тігін өнеркәсібі жұмысымен айналысушылар болашақта тұрғындар бәрібір өзіміздің отандық өнімді таңдайтындығына сенімді. Әрине, егер сапалы әрі таза қой, түйе жүндерінен жасалатын болса, ондай заттарға деген сұраныс қашан да жоғары дейді қала тұрғындары. Олар отандық өнімді қашан да қолдауға дайын.