31 C
Алматы
Среда, 23 июля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Әйелдер жұмысынан айырылып қалмау үшін жаппай жатырларын алдыруда

    Істеп жүрген жұмыстарынан айырылып қалмауы үшін Үндістанның кейбір штатының тұрғындары жатырын алдырып, өзге де медициналық жолмен жасалатын құрбандыққа барып жатыр, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтының дерегіне сүйеніп. 

    Мемлекеттің батысында орналасқан штаттардың бірінде дәл осындай 4 500 ота тіркелген. Оны көбінесе жасы 40-тан аспаған әйелдер жасатқан. Арасында 30 жасқа толмағандары да бар. 

    Мұнымен қатар, аталған елде әйел адамдардың етеккір кезіндегі ауырлық сезімін азайту үшін тіркелмеген дәрі-дәрмек ішкені белгілі болды. Көбінесе мұндай дәріні 15-25 жас аралығындағы қыздар ішкен. 

    Аталған мемлекетте етеккір тақырыбында ашық сөйлескенді мүлдем ұнатпайды. Сол себепті қыздар дәл осындай дәрілер ішеді немесе сол күндері мектепке бармауды жөн көреді. 

    Ұлттық комиссия осы жағдайға байланысты штат билігінен қандай да бір шара қолдануды сұрады. 

    қатысты посттар

    Арон Атабек қайтыс болды

    Фариза

    Қызылордада экономикалық және бюджеттік саясат мәселелері жөнінде кеңес өтті

    Фариза

    Алматыда бизнесті рейдерлік жолмен тартып алумен айналысқандардың есімі жарияланды 

    Пікір қалдыру

    five × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.