-4.1 C
Алматы
Понедельник, 18 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбылда «Сервистік әкімдік» xалықтық жобасы құрылды

    Төбемізде жиырма бірінші ғасыр. Бұл кезеңде цифрлы-ақпараттық бағытта жұмыс істеудің мүмкіншілігі мол. Сол үшін Жамбыл адалдық алаңы «Сервистік әкімдік» және «OPEN SPACE» қызметін жүзеге асыру үшін өңірде ашық форматтағы офистер ашқан болатын. Кезекті сервистік әкімдік Тараз қаласының жер қатынастары бөлімінде ашылды. Бұл өте қажетті жағдай деп айтуға болады. Өтйкені, бүгінгі таңда жерге қатысты сұрақ та, мәселе де көп. Ал, оның жедел әрі дұрыс шешілуіне сандық жүйеде жұмыс істеудің маңызы да зор. Мәселен: 60 мыңнан астам адам жер кезегінде тұрған Тараз қаласы үшін енді ашық кеңсенің пайдасы көп болар деген үміт бар.
    ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросының аймақтағы департаменті бірлесіп «Сервистік әкімдік» жобасының лентасын қиды. Қалалық әкімдікке жер мәселесі бойынша шағымданған азаматтар, мұнда мемлекеттік қызметтің 14 түрін ала алады. Жалпы «Сервистік әкімдік» жобасы мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелерді бір жерде шоғырландыру мен азаматтарға қолайлы жағдай жасауға арналғандығымен құнды. Яғни, бұл жерде атқарушы билік өкілдерінің жергілікті тұрғындармен бетпе-бет отырып жұмыс жасауына еш кедергі жоқ. Оның үстіне шаруасы қауырт адам қаланың түкпір-түкпірінде орналасқан бөлімдерді іздеп сабылмай, қажетті қызметті бір ғимаратың ішіне тауып, ісін қиналмай-ақ бітіруіне қол жеткізді. «Сервистік әкімдіктің» тағы бір ерекшелігі, бұл жерде әдеттегідей кілем төселген дәліз бойына қаздай тізілген емен есікті кабинеттер жоқ. Барлық атқарушы органның қызметкерлері «Open space» әдісімен, ашық кабиналарда отырып жұмыс істеуде. Бұл – «Сервистік әкімдік» жобасының тиімділігіне сеп болар деген сенім бар. Ашылу салтанатында сөз алған Тараз қаласының әкімі бұл бағыттағы жұмыстар заман талабы екендігін айта келіп, бұл жеке кәсіпкерлік пен өзге де салалардың жұмыс жүргізуін дамытуға өз септігін тигізеді деді. Сонымен қатар, ол Тараз қаласының әкімдігіне қарасты барлық бөлімдерде осындай жағдай жасау мәселесі қарастырылу керектігін де атап өтті. Бұл заңды да. Қазіргідей ақпарат ағыны мен цифрландыру үдерісіне жаппай көшіп жатқан дәуірде жұртқа ыңғайлы әрі кезек күттірмей жұмыс істейтін жүйе маңызды болып тұр. Ал, агенттіктің облыстық департамент басшысы ең негізгі мақсат халыққа қызмет көрсету екендігін жеткізді. Өйткені, жер мәселесі жөнінде департаментке де жиі арыз шағымдар түсіп отырады. Онда тұрғындардың басым көпшілігі сапалы жұмыстарға көңілі толмайтындықтарын айтып, қағазбастылықтан арылу проблемаларын жеткізген. Осыған орай, «Сервистік әкімдік» қызметін құрудың маңыздылығы да зор деп шешілген. Бұл тек Тараз қаласында ғана болса, болашақта облыстың барлық аудандарында осы жұмыстарды қолға алу жоспарланып отыр. Өйткені, 10- ауданда бүгінде жер кезегінде тұрған адамдардың саны айтарлықтай артқан. Ендеше, оларға да сапалы әрі мінсіз қызмет көрсетілуі керек дейді ұйымдастырушылар.

    қатысты посттар

    Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары еліміздің оңтүстік гарнизондарында жүргізілді

    Фариза

    Ж.Жабаев – 175 жыл: Жамбылда халықаралық конференция өтті

    Фариза

    Тараздағы «Анаға тағзым» орталығының құрылысы аяқталуға жақын

    Фариза

    Пікір қалдыру

    13 + 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.