-0.1 C
Алматы
Четверг, 26 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Арыстық балалар Таразда демалады

    Қазір Арыстағы жағдайға байланысты еліміздің әр аймағы қолдан келгенше көмек көрсетуде. Мұндай игі істен ауылы аралас, қойы қоралас жатқан Жамбылдықтар да қалыс қалмады. Жақында ғана азық — түлік тиеген ондаған жүк көліктерін көршілес облысқа қолдау ретінде жіберген аймақ басшылығы, ондағы үйлердің жөнделуіне де барынша ат салысуда. Бұл қиын сәтте жұмыла көтерген жүктің жеңіл болатындығын көрсетсе керек. Бүгінде Арыс қаласын қалпына келтіру бойынша қолға алынған шаруалар ауқымды десек, ондағы Жамбылдық құрылысшылардың жұмыла жасап жатқан жұмыстары өз жемісін беруде. Оның айқын дәлелі ретінде облысқа тиесілі 3-сектордағы 6 жеке тұрғын үйдің жөндеу жұмыстарының қысқа мерзімде толығымен аяқталғандығын айтуға болады.
    Қазіргі таңда 3-сектор аумағында Тараздан барған 16 құрылыс компаниясының 220 жұмысшысы аянбай еңбек етуде. Олар 50 жеке тұрғын үйдің жөндеу жұмыстарына қатысып жатыр. Еске сала кетейік, Арыс қаласын қалпына келтіруге бағытталған Жамбыл облысы әкімдігінің штабына қарасты 3-секторға 11 көше бекітілген. Онда жеке тұрғын үйлермен бірге 14 әлеуметтік және коммерциялық нысан бары анықталған. Зерделеуден өткен жеке тұрғын үйдің барлығының ақау актілері толтырылып, сметалау жұмыстары жасалуда. Қираған 3 үйдің екеуі басынан бой көтеріп, біреуі толық жаңғыртылатын болады. Қалған үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Қажетті құрылыс материалдары уақытылы жеткізілуде. Арысқа Жамбылдықтардың тартқан сыйы бұл ғана емес. Енді, 100-ден аса Арыстық балғын жас Жамбыл жеріндегі жазғы лагерьде демалып, сергуі үшін өңірге келді. Аймаққа келген балаларды Әулиеаталықтар Тараздың батыс қақпасындағы аркадан құрметпен күтіп алды. Аптап ыстықтан шаршаған балалардың жүздерін бірден тәтті балмұздақтар жадыратты. Солардың бірі Марғұлан Ерубай. Ол жарылыс болған күні ата-анасымен бірге Шымкентке көшірілген екен. Ал, ол ендігі жерде бір айлық демалысының көне қалада өтетініне қуанышты екенін айтады. Болашақ» балалар демалыс орталығы келем деушілерге маусым айында өз есігін айқара ашқан. Мұнда қазір облыстағы балғындар жазғы демалыстарын өткізуде. Толықтай ыстық тамақпен қамтамасыз етілген лагерде медициналық пункт те жұмыс істейді. Таза ауа, жайдары көңіл-күй мен сергектік Арыстық балаларға күш-қуат сыйлап, жаңа оқу жылына бар ынта-жігерімен кірісуге септігін тигізеді дейді мамандар. Тіпті ол үшін барлық жағдай жасалып отыр. Айта кетейік, жазғы демалысын өткізуге Арыс қаласынан өңірге балалар тағы да келеді деп күтлуде. Облыстық білім басқармасы басшысының мәліметінше оларды Меркідегі, Тұрар Рысқұлов ауданындағы бірқатар сауықтыру орталықтары тегін қабылдауға мүдделі болып отыр. Бұл сауапты істен Тараз қаласындағы балалар орталықтары да кенде қалмай, 250 ге жуық бүлдіршіндерді қабылдауға мүмкіндігі бар екендігін атап өткен.

    қатысты посттар

    Жамбыл облысы мүгедектерді оңалту бағдарламасының орындалуы бойынша бірінші орында тұр

    Фариза

    Шымкентте мал шаруашылығын дамытуда 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

    Фариза

    ШЫМКЕНТ ӘУЕЖАЙЫНДАҒЫ ТЕРМИНАЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ТОҚТАУСЫЗ ЖҮРУДЕ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.