-0.1 C
Алматы
Вторник, 26 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбылда егін орағы жүріп жатыр

    Жамбыл облысында егін орағы науқаны басталып кетті. Тіпті, кей өңірлерде бұл жұмыс бел ортасына келіп қалды. Мәселен: Меркілік шаруалар биыл бидай мен арпа, қант қызылшасы секілді дақылдардан мол өнім алуды көздеп отыр. Жалпы, бір ғана Сұрат ауылының шаруалары елді мекен маңындағы 345 гектар жерге орналасқан күздік бидайды қазір қамбаға тасуда. Аудандағы «Сыпатай- Батыр» шаруашылығы былтыр күзде 100 гектар жерге бидай тұқымын еккен. Оның ішіндегі 11- гектарына Франциядан әкелінген «Эвклит» атты жаңа бидайдың сорты егілді. Бұл сабағының басында 35-40 данаға дейін дән болатын ерекше бидай тұқымы еді. Сонымен қатар, мұндай сорт Меркі жерінде және облыстың масақты дәнді –дақылдар саласында бұрын сонды қолданылып көрмеген болатын. Нәтижесінде, «Эвклит» сәтті сынақтан өтіп, мол өнім беруімен белгілі болды. Енді, осы шаруашылық биыл да 20 гектар жерге Франциялық бидай сортын егіп отыр. Бүгінде жайқалып тұрған бидайдың биіктігі адам бойымен шамалас келеді. Шаруалар бұл тұқымды 90 центнерге дейін өнім беретін жоғарғы сұрып деп отыр. Сұрат ауылында шоғырларған шаруашылықтың бүгінде техникасы да жеткілікті. Мұнда бірнеше комбайнмен қатар, 11 жаңа трактор де бар. 100 ден астам ауыл тұрғындары жұмыс істейді. Шаруалар франциялық бидайдан бөлек, өз жерімізді өсіріліп жүрген күздік бидайдың да биыл өнімді жақсы беретіндігін айтып отыр. Ол гектарына 50-55 центнер. Бұл Жамбыл облысындағы ең үлкен көрсеткіш болып есептеледі. Осыған дейін бұл шаруашылық арпа дақылынан гектарына 35 центнерден өнім алса, бидайдан 55 центнерге дейін өнім алға еді. Яғни, биыл да былтырғы меже қайталанып отыр. Шаруашылықта «Класс» атты шет елдік комбайндар жұмыс істеуде. Ол астықты шашпай-төкпей жинап алуға мүмкіндік беретін қуатты техника. Жалпы, Меркі ауданы бойынша биыл егістен мол өнім алу көзделуде. Оған ауа райы да қолайлы болып тұр. Бұл ұжым бидайдан бөлек 300 гектар жерге қант қызылшасын да еккен. Одан гектарына 800 центнерден өнім алу жоспарланып отыр. Балтамыр жаңбырлатып суару әдісі бойынша суғарылады. Бұл шаруа қожалықта Сұрат ауылының 150- адамы тұрақты жұмысқа тартылады. Олар маусым кезінде қант қызылшасының шөбін жұлады. Оны суғару жұмыстарына қатысады. Жалпы, Меркі ауданы қант қызылшасын егу бойынша бұрын да Жамбыл облысында алдыңғы қатарда болатын. Аталған ұжым биыл да қант қызылшасынан мол өнім алмақшы. Жалпы, Меркі ауданы бойынша биыл қызылшадан бөлек, 60 мың гектардан астам жерге масақты дәнді –дақылдар егілсе, қазыр оның басым бөлігі жиналып үлгерді. Меркіліктермен қатар, бүгінде Тұрар Рысқұлов және Байзақ ауданының шаруалары да қарқынды еңбек етуде.

    қатысты посттар

    Қызылорда: Есепте тұрған қазалылық азамат қайтарымсыз грант ұтып алды

    Фариза

    Жамбылда 936 мың тұрғын табиғи газбен қамтылған

    Фариза

    Шығысқазақстандық ерекше спортшылар Италияда өтетін ат спортынан халықаралық жарысқа дайындалуда

    Пікір қалдыру

    1 × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.