11 C
Алматы
Жексенбі, 28 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Алматыда тағы да митинг: 20-дан астам адам ұсталды

    Алматы қаласында полиция Орталық стадион мен Балуан Шолақ атындағы спорт кешені маңында жиналған жұртшылықты және жүргіншілерді ұстауда, деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі Qazaqtimes.com сайтының дерегіне сүйеніп.

    Алматыдағы Абай даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің қиылысы маңында полиция қызметкерлері сол маңға топтасқан адамдарды және жүргіншілерді ұстап, полиция көліктеріне отырғызып жатыр.   Тілшілеріміздің хабарлауынша, қазірге дейін полиция шамамен 20-дан астам адамды ұстаған. 

    Полиция қызметкерлері азаматтардың жеке құжаттарының толық болуына қарамастан арнайы көліктерге күштеп отырғызған. Сол маңда топтасқан жүргіншілер полицияның бұл әрекетіне наразылықтарын білдіріп, азаматтарды ұстауды тоқтатуын талап етіп жатқаны байқалады. 

    Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстанда тиым салынған «ҚДТ» қозғалысының жетекшісі 6 шілде күні азаматтарды наразылық шарасын өткізуге шақырған болатын. Жиналған топтың арасында “КДТ” қозғалысының ұранын көтерген азаматтар да бар.

    қатысты посттар

    Шымкентте әйелінің шашынан тартып, бетінен тепкен ер адам елді шошытты (видео)

    Фариза

    Тоқаев мырза, сіз тапсырманы орындай алмадыңыз, адамдарды ит секілді екі ай үйге қамап қойдыңыз – Қуат Хамитов

    Фариза

    “Ашқұрсақ халықты алдау оңай” Жұлдыздар ойнататын лоторея қаншалықты шынайы?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eleven + 14 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.