Пятница, 6 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Алматыда тағы да митинг: 20-дан астам адам ұсталды

    Алматы қаласында полиция Орталық стадион мен Балуан Шолақ атындағы спорт кешені маңында жиналған жұртшылықты және жүргіншілерді ұстауда, деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі Qazaqtimes.com сайтының дерегіне сүйеніп.

    Алматыдағы Абай даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің қиылысы маңында полиция қызметкерлері сол маңға топтасқан адамдарды және жүргіншілерді ұстап, полиция көліктеріне отырғызып жатыр.   Тілшілеріміздің хабарлауынша, қазірге дейін полиция шамамен 20-дан астам адамды ұстаған. 

    Полиция қызметкерлері азаматтардың жеке құжаттарының толық болуына қарамастан арнайы көліктерге күштеп отырғызған. Сол маңда топтасқан жүргіншілер полицияның бұл әрекетіне наразылықтарын білдіріп, азаматтарды ұстауды тоқтатуын талап етіп жатқаны байқалады. 

    Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстанда тиым салынған «ҚДТ» қозғалысының жетекшісі 6 шілде күні азаматтарды наразылық шарасын өткізуге шақырған болатын. Жиналған топтың арасында «КДТ» қозғалысының ұранын көтерген азаматтар да бар.

    қатысты посттар

    Тараздағы төбелесте таяқ жеген бала ауруханада қансырап өлді

    Фариза

    «Вакцина құрамында магнит бар» — желіде тағы бір ақпарат талқыланып жатыр

    Фариза

    Үш жыл бойы зорлаған: Түркістанда 8 жасар қыздың өгей әкесі 22 жылға сотталуы мүмкін

    Фариза

    Пікір қалдыру

    six + fifteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.