-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Саясат

    Жамбыл облысы әкімінің Мойынқұм ауданына жұмыс сапары

    Ауыл халқы ауласындағы бос жатқан жерін тиімді пайдаланса, азық-түлік көлемі бірден 30 пайызға ұлғаяды. Яғни, жұртшылық үй іргесіндегі жерге жеміс- жидек егіп, артылғанын нарыққа шығарса пайда да мол болмақ. Ал мұндай жұмыстардан алыстағы құмды аймақ Мойынқұм ауданының тұрғындары да кенде емес. Екі-күндік жұмыс сапарымен барған Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Мойынқұмдағы қосалқы шаруашылықтардың жұмысымен танысып, екі ауылдың тұрғындарымен кездесті. Онда аймақ басшысы қосалқы шаруашылық жұртты жаппай байытудың жолы екендігін ашып айтты. Одан кейін әкім Бірліктегі жылыжай кешеніне барды. Қияр өсіретін үй ауласындағы шағын жылыжайдан оның қожайыны қазір жылына 1 миллион теңгеге дейін табыс тауып отыр. Жұмыстың өзі- табыстың көзін тапқан ауыл тұрғыны әкімге мемлекет тарапынан көмек болса тағы да жылыжай салу ниеті бар екендігін жеткізді. Бұл құмды жердің өзінде қысы-жазы көкеніс өсіре беруге болатындығын көрсетіп отыр. Сондай-ақ, Мойынқұм өңірі бұрыннан жүгері егуде көш басында жүретін аймақ болатын. Бірлік және Күшаман ауылдарында бүгінде жүгері өсіретін шаруалар көп. Осы іс- сапар барысында Асқар Мырзахметовке бірқатар жүгері алқаптары таныстырылды. Ал, Бірлік ауылының тұрғыны Айткүл Әбілдаева өз ауласындағы жерінің табыс көзі екенін о баста білгендігін айтады. Сондықтан жылда 10 соттық жеріне көкеністің барлық түрін егеді. Оның ішінде жүгері дақылы да бар. Осылайша, өзінің отбасын ғана емес, бүтін бір ауылды таза өніммен камтамасыз етуде. Сұраныс та бар. Тек молынан өнім алу үшін білек-сыбана жұмыс істеу керек. Мойынқұмдағы Жамбыл ауылының тұрғыны Бақытгүл Отынбайқызы қолда бар шағын малының арқасында өз өзін сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Бұл отбасы күнделікті 5 сиырынан 15 литр сүт сауып, айран, қаймақ, ірімшік жасайды. Ал бала-шағасынан артылғанын көрші-қолаңға сатады. Оның ішінде құртқа деген сұраныс жоғары. Яғни, оның келісін 2000 теңгеден саудалайды. Облыс басшысы жиын соңында аудан активімен кездесті. Онда Мойынқұм жеріндегі барлық ауылдық округтерге барған жұмыс тобының өкілдері баяндама жасады. Қарапайым заттар экономикасы бойынша нақты түсінік әлі де қалыптаспай отыр. Сондықтан, жұмысты ширату керек. Ал, уақыт болса тым аз. Қосалқы шаруашылық — халықтың тұрмысын жақсартудың басты жолы деген өңір басшысы елімізде елдің еңсесін көтеретін бұдан артық жобаның жоқ екендігін тағы да атап өтті.

    қатысты посттар

    Шымкентте госпитальдің құрылысы аяқталды

    Фариза

    Шымкентте санитарлық нормалардың сақталуы бойынша брифинг өтті

    Фариза

    Шымкент: Маусымда 14184 адам тексеруден өткізілмек

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.