-5.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Туған елге тағзым

    Биыл Жамбыл облысының 80- жылдығы. Осыған байланысты киелі Әулиеата өңірін танытуға орналған түрлі іс-шаралар легі жалғасуда. Солардың бірі деп Таразда өткен «Туған елге тағзым» жобасын айтуға болады. Атап айтқанда, Ақтөбе және Көкшетау қалаларының Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқитын оқушылар «Туған елге тағзым» патриоттық жобасы аясында Тараз топырағына табан тіреді. Мақсат, тарихымыздың темір қазығы саналатын Таразды танып білу. Осындағы өлкетану-экспедициясы кезінде оқушылар аймақтың тарихи-мәдени, ғылыми-оқыту ерекшеліктерімен танысып, зерттеу жүргізді. Экспедицияның алғашқы күнінен-ақ жас туристерді тарихи Тараз жайлы қызықты деректер мен нысандар ерекше қызықтырды деп айтуға болады. Жамбыл облыстық мұрағаты, тарихи-өлкетану музейі мен республикалық маңызы бар тарихи ескерткіш – «Көне Тараз» археологиялық паркі оқушыларға мазмұнды мағлұматтар беріп, көне шаһар тарихынан сыр шертті. Сондай-ақ, балалар әсемдігімен, тіпті, шет елдік сәулетшілерді таңдандырған облыс орталығындағы тарихи-мәдени орындарды аралап, бірқатар кәсіпорындарда болды. Бір айта кетерлігі, «Туған елге тағзым» жобасы 2012 жылдан бастап жүзеге асып келеді. Аталған жобаға олимпиадалар мен ғылыми байқаулардан жүлделі орын алып, жетістіктерге жеткен үздік оқушылар қатыса алады. Яғни, Жамбыл жерін тамашалауға келген мектеп оқушылары жүзден жүйрік шыққан озаттар деп айтуға болады. Олар енді көрген-білгендерін жерлестеріне, өз мектептеріндегі достарына айтып баратын болады дейді ұйымдастырушылар. Өзге облыстан келген оқушыларды әсіресе бірнеше ғасырлық тарихы бар «Айша бибі» кесенесі мен «Ақыртас» кешеніндегі құнды тарихи деректер қызықтырғаны сөзсіз. Мәселен: Айша бибі кесенесінің сырты ерекше. Ол плита түріндегі ою-өрнектермен көмкеріліп, терракотамен безендірілген. Кесене безендіруінде бай және әртүрлі геометриялық фигураларымен апталған. Бұл тарихи ескерткіш жас туристтерді тек қана ерекше сәулетімен ғана емес, сұлу Айша бибі мен батыр Қарахан арасындағы шексіз махаббаты туралы аңыз әңгімесімен де қызықтырды. Аңыз бойынша Айша өзінің ғашығы Қараханға бара жатқан жолында жыланның шаққанынан қайтыс болған. Айша бибі тарихтан белгілі Қараханның әйелі. Күмбезді сол Қарахан әулие салдырған. Бірақ кесенені салған сәулетші туралы нақты дерек жоқ. Бұл мектеп оқушылары үшін осы тарихи оқиғаны біліп жүруге үлкен көмек болады дейді ұйымдастырушылар. Жас туристер Тараз қаласының сыртында орналасқан бірнеше өндіріс орындарын да аралап көрді.

    қатысты посттар

    ШҚО-да «Ауылым — ел бесігі» бағдарламасы аясында 188 жоба іске асырылады

    Қызылорда қаласында электронды билет жүйесі жүзеге асуда

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: Мектепке дейінгі ұйымдарда санитарлық талаптар қатаң сақталуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 + 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.