-5.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Саясат

    Кешірім сұрайтын министр сорлы ма?!

    Түркістан облысы Арыс қаласында болған жарылысты Қазақстанның Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев «табиғи апат» деп айтып, қоғамның сынына ұшырады. Әлеуметтік желіде «Ай мен күннің аманында оқ-дәрілер атылып, снарядтар қалаға қарай ұшқаны қалайша табиғи апат болмақ» деп министрді сөккен көпшіліктің қарасы көп. Журналист, ақын Есей Жеңісұлы да министрдің Арысқа қатысты айтқанына арнап өлең шығарып, оны өзінің Facebook парақшасында жариялады. 

    «Журналист, қызықсың,
    айтарың болды ма?
    Шенеунік бір сөзбен қояды орныңа.
    Жай жатқан оқтұмсық өзінше жарылса,
    Кешірім сұрайтын министр сорлы ма?!

    Әрине, дұрыс қой көңілде алаңың,
    Бұл деген — «мінезі» Табиғат-Ананың.
    Ненің не екенін айыра алмастай,
    Министр ақымақ емес қой, қарағым…

    Жер жетпей жатқандай,
    қоймаға жақындап,
    Үй салып алған ғой адамдар топырлап.
    Олардың еркіне қойсаң бұл дүниені,
    Бомбаның үстінде шай ішіп отырмақ.

    Халықтың кінәсі үшін де былайғы,
    Министр қалайша кешірім сұрайды?!
    Олардың тәңірі көкте емес, жерде ғой,
    Әуре боп іздей ме, аспаннан Құдайды?

    Бұл қазақ немене?
    Кеще ме, әй, тегі?
    Бомбадан қорықса, оралып қайтеді?
    Шымкенттен там сатып алсын да, отырсын,
    «Үйімді жөнде» деп айтпасын, әйтеуір…

    Ешкімге бермейді ешкім де мініс ат,
    Министр жан емес сендермен мұңы шақ.
    Оқтұмсық дегенің бұл бейбіт заманда,
    Кей-кейде жарылып тұрғаны дұрыс-ақ.

    Министр сөйлесе, сөзінің расы — 
    Олардың ешқашан болмайды кінәсі.
    Қара жер бәрін де көтере береді,
    Жыласаң, тек қана Аллаңа жылашы…», — деп жазды Есей Жеңісұлы.

    3 шілдеде Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев үш адам қаза тауып, мыңнан астам нысанның бүлінуіне себеп болған Арыстағы жарылысты «табиғи құбылыс» деп атап, халықтан «кешірім сұраудың ретін көріп тұрған жоқпын» деп мәлімдеген еді. 

    қатысты посттар

    «Қазақ ешқашан сексенге келген ақсақалына «Шал, кет!» деп айқайлаған емес!» — Балғынбек Имаш

    Қытайда қазақ әндерін таратқаны үшін 19 жастағы бала 15 жылға бас бостандығынан айырылды

    Фариза

    Арыстағы жағдай біраз шенеуніктің бетпердесін шешті… — Айгүл Орынбек

    Пікір қалдыру

    fourteen − 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.