-4.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбылда ұлттық домбыра күні аталып өтті

    Елбасы Жарлығымен шілде айының алғашқы жексенбісі – «Ұлттық домбыра» күні болып белгіленгендігі мәлім. Қазақстандықтар биыл екінші жыл қатарынан айтулы датаны атап өтті. Меркі және Сарысу ауданының халқы да ұлттық өнерімізді ұлықтап, қазақтың бас аспабы — домбыра күнін сән-салтанатымен мерекеледі. Домбыра күнінің белгіленуі жайдан-жай емес. Бұл рухани жаңғыру бағытындағы ең сүбелі тірліктің бірі. Атадан балаға мұра болып келе жатқан қос ішекті алтын аспабымыздың қадір-қасиеті айтылады бұл күні. Әр отбасының төрінен орын алуға тиіс бабалар мұрасын көздің қарашығындай сақтау керектігіне де баса мән беріледі. Меркі аудандық мәдениет бөлімінің ұйымдастырумен №1, 2 саз мектептерінің оқушылары мен ұстаздарынан құралған домбыра оркестрі Құрманғазының, Нұрғиса Тілендиевтің, Әбдімомын Желдібаевтың, Жұмабай Сейсеновтің күйлерін нақышына келтіре орындады. Дәл осы күні Сарысу ауданының басшылары жас ананы құттықтап, дүние есігін ашқан сәбиі мен анасына марапат көрсетті. Оларға қазақтың ұлттық аспабы домбыраны сыйға тартты. Онан соң шара Жаңатасағы орталық саябақта 100 орындаушының қатысуымен «Домбыра — халық мұрасы» домбыра-party-ға ұласты. Онда «Балбырауын», «Адай», «Сары-арқа», «Ерке сылқым», «Көңілашар» күйлері күмбірлей орындалып, тұрғындарға ерекше көңіл күй сыйлады. Сондай-ақ, аудан орталығындағы орталық саябақта «Күй ойнайды қазағымның қанында» атты мерекелік шарасына жиналғандар, «Домбыра — қазақтың ұлттық аспабы» тақырыпта қолөнер және кітаптар көрмесін тамашалады. Жалпы, бұл Жамбыл жерінде ұлттық құндылығымыз ұлықталған күн болды десек болады. Себебі, домбыра күні тек Меркі, Сарысу аудандарында ғана емес, өңірдің барлық аудан орталықтарында кең көлемде аталып өтты. Елбасы бастамасымен жүзеге асқан бұл шараның өскелең ұрпақ үшін маңызы зор дейді ұйымдастырушылар. Өйткені, қазақ бар жерде домбыра бар. Әр қазақтың төрінде домбыра ілініп тұру керек десек, «Халқымыз нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деп тектен текке айтпесе керек. Домбыра бұл еліміздің ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма– күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға халықтық фальклорлық музыкада немесе классикалық шығармаларды орындауға таптырмайтын құрал саналады. Ал, оны құрметтеу мен біліп жүру, дәстүрлі музыкалық аспапты ұрпақтан ұрпаққа насихаттау мәселесі мемлекетімізді де бейжай қалдырмай отыр. Ал, екі жыл бұрын бекітілген домбыра күні болашақта жалпыхалықтық мерекеге айналары сөзсіз.

    қатысты посттар

    Шымкентте әуежайға баратын жолдың құрылысы жүріп жатыр​

    Фариза

    Шымкент: Қаланың оңтүстік қақпасы мен Республика даңғылында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

    Фариза

    Жамбыл облысында бір ауылда 10-ға жуық сүт өндейтін кәсіпорын бар

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seventeen + eighteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.