-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Масқара: Нью-Йорктегі гей-парадқа Қазақстан туын алып шықты (фото)

    30-маусымда Нью-Йоркте әлемнің күллі елінен біржыныстылар жиналып, 4 жылда бір рет болатын Дүниежүзілік гей-парад өтті. Бұл туралы «Радужная Америка» тобының Facebook-тегі хабарламасына сүйене отырып Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

    АҚШ-та алғаш рет әлемдік деңгейдегі гей-парад өтті. Бұл іс-шара біржыныстылардың өз құқықтары үшін күресуінің 50 жылдық мерейтойына арналды.⠀

    Сол кезде, көп жыл бұрын, шеру Нью-Йоркте «Стоунволл» барында басталды. Содан кейін акциялар әлемнің әр бұрышында өтті.

    Бұл шеру, шерудің онлайн-көрсетілімі 4 миллионнан астам адамды қамтыды. ⠀

    2

    Нью-Йорктегі гей-парадтағы ТМД елдері өкілдерінің орыс тілді колоннасы мемлекеттік ту астына стильденген айтарлықтай көлемді плакатты өрістетіп, Қазақстанды жеке бөліп көрсетті.

    «Біз бәріміз бір күннің астында тұрамыз», — деген ұранды қолданды демонстранттар.

    Қазақстан туының шеруде көрініс бергені кездейсоқтық емес. Өйткені, ЛГБТ-босқындар саны бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында 3-ші орында тұр. Сонымен қатар, АҚШ-та елдегі біржыныстылардың жағдайы жиі талқылануда.

    қатысты посттар

    Қорғаныс министрлігі қазақ компаниясының жерін тартып алмақ

    Фариза

    ІІМ қазақстандықтардың паспорттарынан табылған чипке байланысты түсініктеме берді

    Фариза

    Қазалыда жаңа тұрғын үйлердің іргетасы қаланды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    19 + 12 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.