-12.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • IT және Ғылым

    11 миллион қазақстандықтың жеке мәліметі Желіде жарияланып кетті

    Интернетке Қазақстан азаматтарының жеке деректері шығып кеткенін КШТЗО мамандары анықтады, деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

    Кибер шабуылдарды талдау және зерттеу орталығының мамандары (КШТЗО) Интернетке 11 миллион қазақстандықтың дербес деректері шығып кеткенін анықтады.

    Киберқауіпсіздік саласының мамандары ашық желіде жарияланған дербес деректерді өткен аптада кездестіріп, ол жайында Telegram арнасында хабарлады. 

    «Өткен аптада КШТЗО мамандары Желіде ірі көлемде жеке мәліметтердің шығып кеткенін анықтады. 11 миллион адамның, яғни елдегі кәмелетке жасына толған халықтың барлығының толық ақпараты сақталған база жалпыға қолжетімді Интернет желісінде тұр. Кез келген адам жүйеге еркін кіріп, оны толығымен өзіне жүктеп ала алады», — деп жазылған хабарламада. 

    Сарапшылардың айтуынша, базадағы деректер – жаңа, олар жарты жыл бұрын ғана өзектендірілген. Оны қылмыскерлер – алаяқтар пайдаланып кетуі мүмкін. 

    Ақпарат Интернет қолданушыларына қанша уақыт қолжетімді болып тұратыны әзірге белгісіз.

    «Деректер қалай жарияланып кеткені анықталып жатыр», — деп жазылған орталықтың хабарламасында.

    Сондай-ақ, Кибер шабуылдарды сараптау және зерттеу орталығының мамандары мән-жайды білу үшін құзырлы органдарға шағымданды.

    қатысты посттар

    Дәрігерлер 3 күндік сәбиге ауыр ота жасады

    Ауылдарды қалаға қосу кезінде кәсіпкерлер зардап шекпеуі тиіс — депутат

    Ақырзаман қашан болады? Ғалымдар болжамы

    Пікір қалдыру

    20 + 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.