-0.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «Бұрынғы заманда жөзекше болмаған деп әңгіме айтпаңдар…»

    Сағынтаев жөзекшелерді қуды деп Алматыда женгешкалар мәз болып жүр екен. Біле білген адамға жөзекшелердің арқасында көптеген жанұялардың шаңырағы шайқалмай отыр, деп жазады желіде елге белгілі дәрігер Ғабит Нурханұлы.

    Басынан бастайық.

    – Барлық еркектер 95% полигам. Ол әкім болсын, әнші болсын, президент болсын, министр болсын, молда болсын , молда министр болсын еркек болса полигам болады. Ол сондай жаратылыс сондай, оны Алла солай жаратты. Екі түрлі еркек полигам болмайды:
    1) Гей еркектер.
    2) Импотенттер.

    Әйелдерге ұнаса да ұнамаса да, оны солай қабылдау керек.

    Жөзекшелердің артықшылықтары:

    1) Қауіпсіздік. Кез келген жөзекше, тіпті ең арзаны, қорғаныссыз қатынасқа бармайды. Жыныстық аурулардың алдын алады. Жүкті болып қалып, қиын жағдайда қалдырмайды.
    2) Жөзекшелер жеке өміріне араласпайды. Әйелінен қызғанып, оған хабарласып отбасынды бұзбайды. 
    3) Тек жұмыс істеген уақытына ғана ақы алып қосымша, алтын әпер, шуба әпер, пәтер алып бер деп артық шығын жұмсалмайды.

    Әйелінен қорқып басқа әйелдерге қарай алмайтын еркектер тордағы маймыл сияқты сотка шұқылап сурет әйелдерге телміріп отырады. Ондай еркектерге өмірдің қызығы болмай арақ ішіп, спортты тастап семіріп алып, қызықты басқа (арақ, порно бейнелер, тамақ) жақтан іздейді.

    Жөзекшелер болмаса не бармайтын еркектер әйелді әлеуметтік желілерден, танысу сайттарынан сау бастарына сақина іздеп, танымайтын әйелдерге жекесіне жазып (әйелін жамандар), мешайттап, звондап, отырады. Бұл әйелінен қорқатын еркектер. Екіншілері жаныңдағылардан, қызметтестерден, көңілдес іздеп солардан мауқын басады. Ол қауіпті, себебі көңілдесі әйелінен қызғанып оны тартып алғысы келіп максималды еркекті сорады.

    Кез келген еркекті үйге жалғыз тастап, екі үш күнге еркіндік берсең, бірінші кезек «қыздарға» барады не әкеледі. Ол оның ішкі түйсігі, арманы. Сыртқа шығаруға батылдары болмайтын. Бұрынғы заманда жөзекше болмаған деп әңгіме айтпаңдар, ол заманда да еркек еркек болған. Қаласа, екі әйел, қаласа үш әйел алған. Қоғам бұзылмасын десе, жөзекшелерге тимесін, қайта заңдастырып салық төлейтін қылып қойса көшеде тұрмайды. Не екінші әйел алуға рұқсат беретін заң қабылдасын. Әйтпесе ажырасулар, гейлер, педофилдер көбейіп кетеді. Жаныстық нәпсісі қанбаған еркек қауіпті, олар адам зорлау, бала зорлау ауыр қылмыстарға барудан тайынбайды, – деп жазады ол.

    қатысты посттар

    «Ашқұрсақ халықты алдау оңай» Жұлдыздар ойнататын лоторея қаншалықты шынайы?

    Фариза

    БІЛІМ КӘСІПОДАҒЫ ПЕДАГОГТАРҒА 2 МЛРД 67 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРАЖАТ ӨНДІРІП БЕРДІ

    Фариза

    Шымкенттік шенеунік әйелдер туралы жазбасынан кейін қызметінен кетті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fifteen + 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.