-1.1 C
Алматы
Понедельник, 18 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Медиа

    Желідегі видео жұрттың жағасын ұстатты: Тәрбиеші балаларды ұрып-соғуда, ал күтушілер күліп тұр

    Желіде Талдықорғандағы балабақшалардың бірінде болған сұмдық жағдайдың видеосы тарады. Онда тәрбиешліредің балаларды ұрғаны түсіп қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентті. 

    Instagram желісіндегі талдықорғандық пабликтердің бірінде бақылау камерасына түсірілген видеожазба жарияланды. Онда оқиғаның 2 шілдеде қаланың орталығындағы балабақшада орын алғаны жазылған. 

    Видео авторы 2,5 жастағы баласының аталған балабақшаға баратынын айтты. 

    Видео кадрларынан тәрбиешінің балалардың басынан, арқасынан ұрғаны көрінеді. 

    «Қараңыздаршы, тәрбиеші балаларды ұрып-соғуда, ал күтушілер күліп тұр. Шет жақта үстел басында балам мен оның досы отыр. Тыныш отыр. Ойнамайды. Тәрбиешінің сөзінше, олар түкірген. Сол үшін ұрыпты», — деп жазды әйел. 

    Оның айтуынша, балабақшадағы балалардың бірінің анасы оның денесінен көгерген іздерді көріп, бақылау камерасындағы жазбаны тексеруді ұйғарған. Ата-аналар видеожазбаны көріп, қайран қалды, дейді ол.

    Кадр сыртында олардың әңгімесі естіледі. Олардың бірі балабақша әкімшілігінің өкілі болуы мүмкін. Ол тәрбиешіні қызметінен босата алмайтындарын, себебі жүкті екенін айтып, арыздануға кеңес берген. 

    Оқиғаға қатысты Алматы облыстық полиция департаментінен жауап алып көрдік. Полициядағылар тәрбиешіге қатысты ҚР ҚК 141-бабына (Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау) сәйкес іс қозғалғанын мәлімдеді. 

    https://www.instagram.com/p/Bze0XXuB1_d/?utm_source=ig_embed

    қатысты посттар

    «Қасқа тісіңді қағып алып, бір жеріңе шегелеп береміз!» — желтоқсан қатысушысы Жанболат Мамайды әшкереледі (видео)

    «Кешірім сұраймын…» — Сайрагүл Сауытбай Вашингтоннан Қазақстанға сәлем жолдады (видео)

    «Қыздың қылығы түзде» — Семейде қыздар жүлде үшін жалаңаштанып жарысты

    Пікір қалдыру

    two × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.