Вторник, 18 марта 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    Димаш Құдайберген Нью-Йоркте жеке концертін өткізеді

    Қазақстандық танымал әнші, ерекше дарын иесі Димаш Құдайберген АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында жеке концертін бермек. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрінің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбайұлы instagram парақшасында жазды.

    — АҚШ-та Мәдениет және спорт министрлігінің тікелей қолдауымен және ұйымдастыруымен Димаштың концерті өтеді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты. Ерекше кездесу өткізген министр Димаш Құдайберген АҚШ-та жеке шығармашылық концертін беретінін жеткізді. Аты әлемге әйгілі өнер иесінің бұл кеші Нью-Йорк қаласында болмақ, — деп хабарлады.

    Еске салсақ, Димаш Құдайберген жақында ғана елордада «Арнау» атты жеке концертін беріп, одан түскен қаржының бір бөлігін Арысқа көмек ретінде аударатыны жайлы айтқан. Сондай-ақ, осыған дейін отандасымыздың Лондон және Мәскеу қалаларында да жеке ән кештері өтті.

    қатысты посттар

    DQ әтірі сатылымға шықты: Димаш парфюмі қанша тұрады?

    Фариза

    «Қызғанамын мен…» — Димаш Құдайберген (видео)

    Анджелина Джоли бүгіннен бастап қазақша сөйлейді (видео)

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 + 10 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.