-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Саясат

    «Nur Otan» партиясының мүшелері митингіге шықты

    Бүгін Нұр-Сұлтандағы «Жерұйық» паркінде «Biz birgemiz!» деген ұранмен «Nur Otan» партиясының бейбіт митингі өтті, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Holanews.kz сайтының дерегіне сүейніп.

    Рұқсат етілген митинг негізінен елдің бірлігіне, қоғамда орын алып жатқан мәселелерге арналған. Оған 1500 адам қатысқан.

    «Тәуелсіздік жылдарында жетістіктер аз емес. Қай ел кейінгі 20-30 жылда астана салыпты, қай ел өзінің қандастарын сырттан алдырыпты? Бүгінде бірнеше елден бауырларымыз қоныс аударды. Қарап отырсақ, қаншама жетістіктер бар. Осының барлығынан айырылып қалу қандай азап, қасірет екенін білесіздер ме? Бізді тарихы 2-3 ғасырға созылған Еуропа елдерімен салыстырып жатады. Оны қалай салыстырасыз, кеше ғана бұғаудан шықтық. Енді есімізді жиып келе жатқанда бізге сабыр мен шүкіршілік керек», — деді Тілеухан.

    Өз кезегінде белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы отбасылық құндылық мәселелеріне тоқталды.

    «Әркім өз отбасына ие болуы керек. Ер азамат — алған әйеліңді, перзентіңді жылатпа! Әйелдерді көшеге шығарып қойып, жігіттердің үйде отырғаны жараспайды. Отбасының жауапкершілігі ер азаматта. Мұнымен қоса, әйелдер қауымы ер азаматтарымызды бағалауды ұмытпайық», — деді Асанғазы.

    «Барлықтарыңызды проблемаларды бірге шешуге, жақсылыққа сенуді, арсыздар мен арандатушылыққа ермеуді, намысты қолдан бермеуді, биікке ғана өрлеуді мақсат тұтсақ деп барша қазақстандықтарды шақырамын. Қазақстан біздің ортақ жеріміз. Ал біздің жерімізде әрқашан да бейбітшілік пен тұрақтылық қажет», — деді Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл.

    Айта кетейік, бүгін Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында рұқсат етілген митингтер өтті.

    қатысты посттар

    «Қуаныш пен күлкіге уақыт жоқ…» — Қасым-Жомарт Тоқаев

    Нұр-Сұлтан қаласына жаңа әкім тағайындалды

    Даниал Ахметов бүкіл қазақстандықтың өміріне гарантия бере ме?

    Пікір қалдыру

    12 + 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.