-11.1 C
Алматы
Воскресенье, 22 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    «500 теңге» — Димаш Құдайбергенге арналған көрме ашылды

    Бүгін «Мәңгілік ел» қақпасының галереясында Димаш Құдайбергеновтың жеке концерті қарсаңында әншінің шығармашылығына арналған көркемдік жұмыстар көрмесі ашылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

    Көрмеге кәсіпқой және әуесқой суретшілер, таяу және қиыр шет мемлекеттердің сәндік-қолданбалы өнер шеберлері қатысуда. Олардың қатарында Қытай, Финляндия, Түркия, Сирия, Швеция, Аргентина, Америка, ресейлік Мәскеу, Луганск, Кемерово, Якутск, Грозный қалаларының өкілдері бар. Бұдан басқа, ҚР Суретшілер одағының мүшелері, Қазақстанның түрлі өңірлерінен көркем өнер жоғары оқу орындарының студенттері жобаға атсалысуда. Мысалы, Нұрсұлтан, Көкшетау, Алматы және Ақтөбе қалаларынан өнер иелері бар. 

    Сонымен қатар, экспозицияға израильдік ақын Ефим Ташлицкийдің «Слушая Димаша» атты өлеңдер жинағы мен қазақстандық жазушы Дария Жұмагелдинованың «Мальчик и соловей» ертегісі қойылған.  

    Көрме 29 шілдеге дейін жалғасады. «Мәңгілік ел» қақпасына кіру құны ересектер үшін 500 теңге. Балалар үшін — 350 теңге (7 жасқа дейінгі балалар үшін кіру тегін), студенттер мен жеңілдігі бар азамат санаттары үшін 250 теңге. 

    Еске салайық, Димаш Құдайбергеновтың жеке концерті еліміздің бас қаласында ертең, 29 маусымда, «Астана Арена» стадионында өтеді. Димаштың «Арнау» атты шоу бағдарламасы Елорда күніне орайластырылған.

    қатысты посттар

    Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай монета шығарылды

    Фариза

    «Мінсіз табиғи сұлулық» Димаштың қарындасының сұлулығына жұрт тәнті болды (фото, видео)

    «Қатын болып жүрген жеріңнен еркек қылдым!» Ерболат Төлеген журналистпен арадағы болған дау туралы айтып берді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    thirteen − 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.